Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы
Ұжымдар
ЕРНАР НҰРТАЗИН

Ернар Нұртазин (1987 ж) симфониялық оркестрдің бас дирижері жас дарынды қазақстандық дирижерлер мен пианисттердің ең жарқын өкілдерінің бірі болып табылады. 2005 жылы Күләш Байсейітова атындағы  оқу орнын арнайы фортепиано мамандығы бойынша тәмамдап, 2005 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына оқуға түсті. Консерваторияда ол бір уақытта екі мамандық бойынша оқыды: «Аспаптық орындау», «Фортепиано» (доцент Г.Е.Өзенбаева шеберханасы) және «Опера және симфониялық дирижер» (профессорлар Т.А.Абдрашев пен П.Е. Тарасевич шеберханасы). Ол аталмыш оқу орнын үздік бағамен аяқтады. 2009- 2011 жылдар аралағында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ,(профессор Ж.Я. Әубәкірованың шеберханасы). 2011 жылы Антон Брукнер атындағы Австрия би, музыка және драма университетінің магистратурасына оқуға түсті (профессор О.В. Маршевтің шеберханасы). 
Ернар Нұртазин бірнеше рет халықаралық байқаулар мен фестивальдердің лауреаты атанды: 
Ахмет Жұбанов атындағы жас және жас орындаушылар фестивалі (Үшінші орын, Қазақстан);
Орта Азиядағы, Қазақстандағы және Әзірбайжандағы бірінші Халықаралық фортепианолық байқау (Үшінші орын, Қазақстан);
Алматыда өткен үшінші Халықаралық фортепианолық байқауы (арнайы диплом иегері, Қазақстан);
Төртінші Халықаралық фортепиано  байқауы (Бірінші орын, Қазақстан);
Розарио Марчиано атындағы бесінші Халықаралық фортепиано байқауы (Гран при және Лентарис сыйлығы, Австрия);
Пиетро Ардженто атындағы халықаралық фортепианолық байқауы (Үшінші орын, Италия);
Н. Тілендиев атындағы бесінші Халықаралық «Өз елім» фестивалі, «Дирижер» номинациясы (Бірінші орын, Қазақстан);
М. Төлебаев атындағы «Алтын Таяқша» төртінші дирижерлардың республикалық байқауы (Гран-при, Қазақстан).