Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы
Ұжымдар
ҚАЗАҚ ОРКЕСТРІ

Бас дирижер-көркемдік жетекші – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Айтқали Жайымов

 

Дирижер – Мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов

Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының қазақ оркестрі 1998 жылы құрылған. Әртүрлі уақыттарда ұжымға танымал қазақ композиторы және дирижер Мұхаметқали Тналин, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мырзағали Айдаболов жетекшілік етті. 2008 жылдан бастап қазақ оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры болып ҚР еңбек сіңірген қайраткері, домбырашы, дирижер, композитор Айтқали Жайымов тағайындалды.

Қазақ оркестрінің концерттері әрқашан жарқын көркемдік оқиғалар болып табылады. Оның орындаушылық стиліне жоғары дыбыстық мәдениет, айқындылық, жігерлік пен әсерленушілік тән.

Ұжым құрамында дарынды музыканттар, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Анар Мұздаханова, ҚР еңбек сіңірген әртістері Жексембек Нұржауов, Батыр Теміралиев, «Құрмет» орденінің иегері Жанар Жүсіпова, ҚР мәдениет қайраткерлері Базаралы Түсіпжанов, Нұрлан Бекенов, ҚР мәдениет саласының үздігі Шолпан Тұрмағанбетова, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Жанар Қасымова, Ботагөз Ташимова, Мұхит Шолакаев, Асқар Жүсіпов, Роза Исаева, Айым Бекбаева, Естай Айтқұлов, Амина Бошымова, Толқын Қаңтарбаева, Бибігүл Жартыбаева, Сәкен Бекжанов, Бауыржан Жолдыбеков, Аяулым Жұмкенова қызмет етеді.

Қазақ оркестрімен көрнекті әншілер, КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова, Қазақстанның және Татарстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұржамал Үсенбаева, ҚР еңбек сіңірген әртістері Майра Мұхамедқызы, Бағдат Самединова, Бекболат Тілеухан, Қазақстанның халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Майра Ильясова және т.б. өнер көрсетті.

Қазақ оркестрі өз тарихында аңызға айналған дирижер КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Шамғон Қажығалиевпен, РФ, Қазақстанның және Татарстанның халық әртісі, профессор Фуат Мансуров, Өзбекстанның халық әртісі, профессор Фарук Садықовпен және ҚР еңбек сіңірген әртісі Жолдасбек Бегендықовпен ынтымақтас болды.

Оркестрдің репертуары халықтық, халықтық-кәсіби және Қазақстанның академиялық музыкасын қамтиды (Қорқыт, Әбіл, Түркеш, Құрманғазы, ықылас, Сүгір, Тәттімбет, Дәулеткерей, Дина, Ахмет Жұбанов, Мұқан Төлебаев, Латиф Хамиди, Садық Мұхамеджанов, Нұрғиса Тілендиев, Мақалима Қойшыбаев, Кенжебек Күмісбеков, Мыңжасар Маңғытаев және т.б). Соның ішінде көрермендер қазақ халық аспаптар оркестрі үшін өнделген шетелдік академиялық музыка туындыларына қызығушылық танытады.

Қазақ оркестрі өз тыңдармандарына көптеген танымдық бағдарламалар жасайды. Ұжым Шоқан Уәлихановтың, Сәкен Сейфуллин, Нұрғиса Тілендиев, Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова, Олжас Сүлейменов, Серік Тұрғынбеков, Хабидолла Тастанов және т.б. шығармашылығына арналған кештер ұйымдастырды. Үлкен сәттілікпен «Алпамыс батыр», «Қыз Жібек пен Сансызбай», «Нағыз қазақ – домбыра», «Абайдың қара сөздері», «Қорқыт» және т.б. музыкалық театрландырылған қойылымдар өтті.

Қазақ оркестрі қала және республиканың көптеген мәдени-бұқаралық іс-шараларына (Астана қаласының мәдениет күндері, Қысқы Азия ойындары – 2011 және т.б.) қатысады. Қазірде ұжымның Тәуелсіздік күні, Конституция күні, Наурыз мейрамында және т.б. өнер көрсетуі дәстүрге айналған.

Қазақ оркестрі – «Серпер» Республикалық қазақ халық аспаптар оркестрлер фестивалінің қатысушысы (фестиваль идеясының авторы ҚР еңбек сіңірген қайраткері, елордалық филармонияның бас директоры және көркемдік жетекшісі С. Әбдірахманов). Оркестрдің фестиваль аясында өнер көрсетуі тыңдармандардың зор ықыласын оятады.

 

 

 

 

СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТР

Көркемдік жетекшісі – Берік Батырхан

Бас дирижеры – Ернар Нұртазин

 

Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрі 2000 жылы құрылған және астананың үздік кәсіби ұжымдарының бірі болып табылады. Оркестрдің көркемдік жетекшісі - халықаралық байқаулардың лауреаты Берік Батырхан, бас дирижеры -халықаралық байқаулардың лауреаты Ернар Нұртазин.

Ұжым репертуарында қазақстандық және шетелдік симфониялық әдебиеттің үздік шығармалары бар. Оркестр Ахмет Жұбановтың, Ғазиза Жұбанованың, Тілес Қажығалиевтің, Қапан Мусиннің, Евгений Брусиловскийдің, Еркеғали Рахмадиевтің, Алмас Серкебаевтың және т.б. ұлт кемеңгерлерінің шығармаларын орындайды.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, елордалық филармонияның бас директоры және көркемдік жетекшісі Сәкен Әбдірахмановтың бастамасымен қазақ халық аспаптар оркестріне жазылған қазақстандық композиторлардың шығармалары симфониялық оркестрге ыңғайланып түсірілді. Осылайша, ұжым концерттерінде Құрманғазының, Нұрғиса Тілендиевтің, Шәмші Қалдаяқовтың музыкалары орындалатын болды.

Филармонияның симфониялық оркестрімен Астанада алғаш рет Густав Малердің № 5 симфониясы, Дмитрий Шостаковичтің «Ленинградская» № 7 симфониясы, Людвиг ван Бетховеннің № 9 симфониясы, Александр Скрябиннің «Поэма экстаза» шығармасы орындалды.

Концерттік орындауда Жоржа Бизенің «Кармен», Сергей Рахманиновтің «Алеко» туындысы орындалды. Филармонияның басқа ұжымдарымен және Астананың драма театрларымен бірге Эрнест Гофманның ертегісінің желісі бойынша Петр Чайковскийдің музыкасына жазылған «Щелкунчик и мышиный король» және Эдвард Григтің музыкасы жазылған Генрик Ибсеннің «Пер Гюнт» музыкалық-драмалық қойылымы қойылды.

2011 жылы оркестр египет опералық театрымен бірге Хишам Габрдың «Пракса» алғашқы араб мюзиклінің ауқымды қойылымына қатысты (тұсаукесер 2011 жылы Мускат қаласында өтті). Симфониялық оркестрдің жоғары орындаушылық деңгейі мен бағдарламасының әртүрлілігін тек Астана тыңдармандары ғана байқап қоймайды, оған шетелдік көрермендер де таңғалады. Ұжым Қазақстан қалалары мен шетелдерге гастрольдік сапарға шығып тұрады. Құрылғанына әлі 20 жыл толмаған оркестр Германия, Италия, Греция, Египет және т.б. елдерде болған.

Үздік музыкалық мәдениетті сақтау үшін симфониялық оркестр Қазақстанның және шетелдің Кшиштоф Пендерецкий (Польша), Саулюс Сондецкис (Латвия), Владимир Ашкенази, Роберт Гуттер (США), Граф Муржа (Венгрия), Александр Чайковский, Евгений Бушков, Александр Вербицкий, Дмитрий Хохлов, Фуат Мансуров, Ринат Салаватов, Петр Грибанов, Николай Клинов, Владимир Вербицкий (Россия), Стефанос Циалес, Анастасиос Паппас (Греция), Марко Хиберник (Словения), Марко Скъяво, Вито Ло Ре (Италия), Беньямин Юсупов, Роберт Канетти (Израиль), Ваг Папян (Израиль–Қазақстан), Алан Бөрібаев, Төлепберген Әбдірашев, Раиса Садықова Қазақстан) және т.б. жетекші дирижерларымен тығыз ынтымақтастықта болады.

Симфониялық оркестр көрнекті музыканттар Бибігүл Төлегенова, Айман Мусахаджаева, Жания Әубәкірова, Нұржамал Үсенбаева, Майра Мұхамедқызы, Марат Бисенғалиев (Қазақстан), Пласидо Доминго, Глория Компанер (Италия), Владимир Крайнев, Амир Тебенихин (Германия), Юрий Розум, Сергей Кравченко, Илья Груберт, Денис Мацуев, Игорь Гаврыш, Максим Федотов, Кирилл Родин (Ресей), Такаши Шимицу (Жапония), Франческа Калеро, Хосе Антонио Фуэртэс (Испания) және т.б. өнер көрсетулерін мақтан етеді.

Елордалық филармонияның симфониялық оркестрі жеткен жетістіктерімен тоқтап қана қоймай, өз шеберліктерін ұдайы жетілдіре отырып, белсенді концерттік қызмет етеді.

 

ҮРЛЕМЕЛІ ОРКЕСТР

Көркемдік жетекші және бас дирижер - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әкім Мұхатжанов

 

Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының үрлемелі оркестрі 2001 жылы құрылды. Оркестрдің тұңғыш өнер көрсетуі 2001 жылдың 10 желтоқсан күнінде К.Байсеитова атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрының сахнасында болды. Концертте КСРО Халық әртісі Ермек Серкебаев, ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Байғали Момбеков, ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері дирижерлар Қанат Ахметов және Александр Беляков қатысты.

Оркестр құрамында жас дарынды орындаушылар, Қазақ Ұлттық өнер университетінің, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының және ТМД елдерінің жетекші музыка білім орындарының түлектері мен ұстаздары жұмыс істейді. Оркестр әртістерінің көбісі халықаралық және республикалық байқауларының Бас жүлде иегерлері мен лауреаттары болып табылады.

Құрылған күнінен бастап оркестр қала шеңберінде ғана емес, Қазақстан облыстарында да өзінің кең музыкалық-ағартушылық қызметін атқарады, үрлемелі оркестрлердің халықаралық байқаулары мен фестивальдеріне қатысады – Қарағанды қаласындағы «Музыкалық Сарыарқа» фестивалі, Астана қаласындағы үрлемелі оркестрлердің шеруі, «Астана самалы» фестивалі, Алматы қаласының күндерін тойлануы аясында өткізілген «Жібек жолы» фестивалі, Новосибирск қаласындағы үрлемелі оркестрлердің халықаралық фестивалі. Көрермендерді үрлемелі оркестр үшін өзгеше туындылармен, орыс және шетелдік музыкасының үздік үлгілерімен таныстырады. Үрлемелі оркестрдің маңызды мақсаттарының бірі – Қазақстан музыкасын насихаттау болып табылады, мысал ретінде Қазақстан композиторлар форумында, «қазақ халқының 1000 күйі» ұлттық жобасында оркестрдің қатысуы. Шығармашылық ұжымның репертуарында классика мен джаздан халық әндер мен күйлер сияқты түрлі жанрдағы 500-ден астам шығарма, оркестрге филармониялық қызметін сапалы жүзеге асыруға жағдай туғызатын «Парад солистов», «Музыка кино», «Музыка Вены»,  «Музыка Нового Света», «Парад дирижеров» сияқты тематикалық бағдарламалар бар. 

Оркестрмен профессор Қайрулла Жұмакенов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлеріі Талғат Бердығұлов, Валерий Скороход, Александр Беляков, Қанат Ахметов жұмыс істеді, Ресей Қарулы күштерінің бас әскери дирижері, генерал-лейтенант В.В.Афанасьев, Новосибириск муниципальді үрлемелі оркестрдің бас дирижері, Ресейдің Еңбек сіңірген қайраткері Игорь Зугров, ҚР Ішкі әскерінің әскери-оркестрлік қызметінің басшысы А.Мұхамедьяров, ҚР Республикалық ұлан әскери оркестрінің дирижері Т.Ерғалиев, ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева, Нұржамал Үсенбаева, Юрий Клушкин өнер көрсетті.

Үрлемелі оркестрдің шығармашылық ұжымы Астана қаласында ғана емес, сондай-ақ Республикамыздың түрлі қалаларында ресми, дәстүрлі-салтанатты және тематикалық іс-шараларды қамтамасыз етеді. Оркестрде көркемдік кеңес құрылып, жұмысын атқаруда. Оның құрамына мәдениет, өнер, қоғамдық қайраткерлері кіреді.

 

КАМЕРАЛЫҚ ХОР

Көркемдік жетекшісі және бас дирижеры – Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, мемлекеттік сыйлық лауреаты, «Мәдениет қайраткері», ҚР Білім беру үздігі Гүлмира Құттыбадамова

Хормейстер – Ержан Сансызбаев, Е. Рахмадиев атындағы Халықаралық байқауының лауреаты

Концертмейстер - Гульден Базыкен

Камералық хордың директоры - Назгуль Баймурзина 

Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының камералық хоры 2004 жылы құрылған.(Көркемдік жетекшісі - Ержан Даутов, 2004-2013) Оның алғашқы өнер көрсетуі 2004 жылы 1 маусым күні Президент мәдениет орталығының залында өтті.

Ержан Даутовтың жетекшілігімен көптеген гастрольдік сапарлар, ең үздік сахналарда өнер көрсету, республикалық және халықаралық байқауларға қатысу ұжымның жоғары орындаушылық мәдениетінің қалыптасқанына дәлел бола алады.

Камералық хор – көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты, атап өтетін болсақ:

  • XXV және XXX "Хайнувка" халықаралық рухани музыка фестивалі, Бас жүлде (Польша, Белосток, 2006, 2012);
  • Халықаралық рухани музыка хоры (Қазақстан, Павлодар, 2007);
  • «Астана – ән канатында», Бас жүлде (Қазақстан, Астана, 2008);
  • Бүкіл әлемдік хор форумы, 2 алтын кубок (Қытай, Пекин, 2011);
  • «Жұбанов көктемі −2012», Бас жүлде (Қазақстан, Ақтөбе, 2012);

2013 жылдан бастап және қазір уақытта ұжымның көркемдік жетекшісі Гүлмира Құттыбадамова. Ұжым репертуары бай және алуан түрлі. Халық пен сын хор шығармаларының оқылу дәлдігі мен әсерлігін әрдайым белгілеп отырады. Камералық хор отандық және шетелдік композиторлардың миниатюралары мен топтамаларын  - Иоганн Себастьян Бахтың «Рождественская оратория», Джузеппе Вердидің «Stabat mater», Сергей Рахманиновтың «Колокола» және «Весна», Сергей Танеевтің «Иоанн Дамаскин», Антонио Вивальди «Gloria», Вольфганг Амадей Моцарттың «Летания», Ахмед Аднан Сайгунның «Юнус Эмре», Франц Шуберттің № 2 месса, G-dur туындысын, Георг Фридрих Гендельдің «Мессия», Джованни Перголезидің «Stabat mater» және т.б. ірі шығармаларды да орындайды.

Камералық хор филармонияның Еркеғали Рахмадиевтің «Алпамыс», Нұрғиса Тілендиевтің «Алтын таулар», Жолдыбай Дастеновтің «Қаңбақ шал» операларының концерттік қойылымдарына қатысады.

Камералық хордың «Палитра созвучий XX века», «Современная хоровая музыка Казахстана», «Напевы Великой степи» «Хоровая классика современности», «Jazz Flowers», «Brodwei bound» және т.б. бағдарламалары қызықты.

Ырғақ тазалығы, жіңішке дыбыс амплитудасы, вокал шеберлігі және техникалық еркіндік – осы қасиеттердің барлығы астаналық филармонияның камералық хорына тән. Камералық хор жыл өткен сайын тыңдармандарына өзінің үлкен шығармашыл қуатының жаңа қырларын аша отырып, шығармашыл жемісті өмір кешуде.Жоғары орындаушылық мәдениеті камералық хорды Қазақстанның көрнекті хор ұжымдарымен қатарына қосады.Халықаралық танымалдылықты женістері көрсете алады:

  • «World Choir Games», 2 алтын медаль (Латвия, Рига, 2014);
  • «Шабыт», Бас жүлде (Қазақстан, Астана, 2014);
  • «Budapest International Choral Celebration» (Венгрия, Будапешт, 2015). 

Байланыс:

Камералық хордың директоры - 

Назгуль Баймурзина                                                                                               

Тел.: 8 701 522 93 83                                                                                                       

e-mail: nazgul.bai@gmail.com                                                                                       

choir.astana@gmail.com

қосымша пікірлер оқыңыз:
"Арқаның  арқалы перзенті". "Астана ақшамы" республикалық қоғамдық-саяси газеті. 8 ақпан 2018.  Азамат Құсайын

"Асқақтаған «Айбозым» немесе Біржан сал әндерін тыңдағаннан кейінгі әсер". Егемен Қазақстан" республикалық газеті.  6 ақпан 2018.Мирас Асан

"Біржанның әндері-ай!" "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси газеті. 7 ақпан 2018. Нұрсұлу Мырзахмет

"Хорға қонған қоңыр қаз". "Арқа ажары" Ақмола облысының халықтық қоғамдық-саяси газеті. 8 ақпан 2018.

"Біржан салдың әндері". «Ана тілі» ұлт газеті. 8 ақпан 2018. Ғазиз Құрмашұлы

 

 

 

КАМЕРАЛЫҚ ОРКЕСТР

Көркемдік жетекшісі – Қазақстанның Еңбек Ері Айман Мұсахаджаева. Бас дирижеры – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Бахытжан Мұсаходжаева

 

Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының камералық оркестрі Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Айман Мұсахаджаеваның бастамасымен 1991 жылы құрылған. Бас дирижеры – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Бахытжан Мұсаходжаева

Оркестр құрамында дыбыстың бай түрлері мен ансамбльді сезінудің жарқын шебер техникасын игерген халықаралық байқаулардың лауреаттары жұмыс істейді.

Оркестр барокко, классика және заманауи музыканы түсіндіру өнерін игере отырып, әртүрлі дәуірлер мен әртүрлі стильдердегі шығармаларды орындайды. Ұжым шығармашылығында қазақ әндері мен күйлерінің оркестрлік өңдеулері мен отандық композиторлардың (Тілес Қажығалиев, Алмас Серкебаев, Жолан Дастенов және т.б.) музыкасы ереше орын алады.

Камералық оркестр Қазақстанның музыкалық өнері мен орындаушылық дәстүрін жоғары кәсіби деңгейде көрсете отырып, белсенді шығармашылық қызмет етуде. Ұжым концерттері үлкен жетістіктермен Еуропа (Германия, Австрия, Италия, Ресей) мен Азияның (Корея, Түркия, Жапония) және АҚШ-тың үздік концерттік залдарында өтеді.

Камералық оркестр Ресейдің (Владимир Спиваков, Виктор Третьяков, Татьяна Гринденко, Михаил Плетнев, Игорь Гаврыш, Эдуард Грач, Сергей Кравченко, Рубен Агаронян, Ваграм Сараджан, Владимир Федосеев, Константин Орбелян), Австрияның (Гернот Винишхофер, Дора Шварцберг), Израиля (Михаил Кугель), Германияның (Константин Блахер, Фолькер Шмидт-Гертенбах), АҚШ-тың (Александр Слободяник, Эдуард Шмидер), Норвегияның (Исаак Шульдман), Чехии (Йозеф Сук), Южной Кореи (Рин Йонг Янг) және т.б. елдердің бүкіл әлемге танымал орындаушыларымен және дирижерларымен тығыз ынтымақтастық орнатқан.

Камералық оркестрдің шығармашылық қызметінің ерекше беттері ұжымның жас музыканттармен және дарынды жастармен бірге «Юные дарования» концерттік бағдарламасында өнер көрсетуі болып табылады.

Бүгін камералық оркестр - Қазақстанның жетекші ұжымдарының бірі, оның шеберлігі өз тыңдармандарын жылдан жылға таңғалдыру үстінде.

Ұжым өз алдына автордың бүлінбеген таза түпнұсқалық терең ойын жеткізу мақсатын қоя отырып, шеберліктің шыңына және жоғары дыбыс сапасына жетуге ұмтылады.

 

 

"САРЫАРҚА" ХАЛЫҚ МУЗЫКА АНСАМБЛІ

Көркемдік жетекшісі - Ержан Тоқсабанов

 

«Сарыарқа» халық музыка ансамблі 1998 жылы құрылған. 2017 жылдан бастап ұжымның көркемдік жетекшісі Ержан Тоқсабанов болып табылады. Ансамбльдің репертуарын қазақ халқының халықтық, халықтық кәсби және академиялық музыка құрайды.

«Сарыарқа» халық музыка ансамблінде қобыз, сыбызғы, шаңқобыз, саз сырнай, жетіген, домбыра, адырна, шертер, дабыл, дауылпаз, қоңырау, асатаяқ, тұяқтас, қобыз-прима, домбыра-контрабас сияқты көне және заманауи аспаптарда керемет әуен орындайтын жоғары кәсіби музыканттар қызмет етеді. Сонымен қатар ансамбльдің құрамында баян және блок-флейта аспаптары бар.

«Сарыарқа» халық музыка ансамблі керемет техникамен орындалатын шығармалар мен стиль үйлесетін жоғары орындаушылық мәдениет ерекшелейді. Ұжым көптеген халықаралық байқаулар мен фестивальдерге қатысқан:

Халықаралық шығармашылық фестивалі – Алтын алқа (Франция, Дижон; 1999);

Халықаралық ТМД мемлекеттерінің ұлттық өнер фестивалі (2002);

«Шабыт» V халықаралық шығармашыл жастар фестивалі – І орын (Қазахстан, Астана; 2002);

Халықаралық әлем халықтарының билері және фольклорлық музыка фестивалі (Қытай, Пекин; 2004);

Халықаралық түркі тілдес халықтардың фольклорлық фестивалі (Түркия, Ялова; 2006);

«Садко» ІІ халықаралық көне ішекті және шертерлі аспатарда орындаушылардың фестивалі (Ресей, Мәскеу; 2006);

Халықаралық фольклорлық фестиваль (Германия, 2007);

ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Ғасырлар сазы» Республикалық фольклорлық этнографиялық ансамбльдердің фестиваль-байқауы - І сыйлық (Қазақстан, Алматы; 2011);

Қазақ халқының шығармашылығы мен жоғары орындашылық мәдениетін белсенді түрде насихаттаған үшін ансамбль «Астаналық меценаттар клубы» корпоративтік қорының «Керемет» (Халықтық жанр шебері -2006 аталымы) сыйлығымен марапатталды.

Ұжым бірнеше рет ерекше маңызы бар мемлекеттік іс-шараларға концерттік өнер көрсету үшін шақыртылды. Соның бірі «Сарыарқа» ансамблінің 2010 жылы Астана қаласында өткен ОБСЕ Саммитіне қатысуы болып табылады.

Ұзақ жылдар бойы ансамбльмен бірге танымал орындаушылар, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлзира Бөкейханова, Жастар Одағы сыйлығының лауреаты Нұрай Танабаев, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты алтынай Мамырова, Күнсұлу Тұрлыбекова, Перизат Тұрарова, Жазгүл Данылбаева, Данияр Мұқан және т.б. өнер көрсетеді.

Ұжымның өнер көрсеткен географиясы біздің Республикамыздың барлық қалаларын қамтиды. Алайда, ансамбль тек Қазақстанда емес, сондай-ақ шетелдерде де өнер көрсетеді. «Сарыарқа» ансамблінің есте қаларлық өнер көрсеткен жерлерінің бірі Ресей, Түркіменстан, Ұлыбритания, Белгия, Голлландия, Франция және т.б гастрольдік сапарлары болып табылады.

Қазақ музыкасына деген шынайы сүйіспеншілік, үлкен талант және асқан шеберлікпен аспапты меңгеруі «Сарыарқа» халық музыка ансамбліне ұлттық мәдени құндылықты кеңінен насихаттауға және сақтауға мүмкіндік береді.

 

 

"ШАЛҚЫМА" ХАЛЫҚ БИ АНСАМБЛІ

 

Көркемдік жетекшісі – «Мәдениет қайраткері» Әбдірасул Есекеев.

 

«Шалқыма» халық би ансамблі 2007 жылы құрылған. Ұжымды «Мәдениет қайраткері» Әбдірасул Есекеев басқарады. Ұжым құрамына А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі, Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжі және тағы басқа жоғары оқу орындарының түлектері кірді. «Шалқыма» халық би ансамблінің тұсаукесері 2009 жылы Президенттік мәдени орталық (қазіргі «Назарбаев орталығы») сахнасында болды.

«Шалқыма» халық би ансамблі – қазақ биін насихаттаумен және оны көркемдік түсіндірумен айналысатын хореографиялық ұжым. Ансамбль репертуарында «Шаттық», «Керім-ай», «Шолпы», «Аққу қыздар», «Шалқыма», «Қосалқа», «Келіншек», «Қуаныш», «Ата толгау», «Ыңгайтөк» «Аққу», «Биші қайың», «Айжан қыз», «Сағым», «Інжу Маржан» секілді қазақ билері бар. Ұлттық билерді орындаумен қатар ансамбль көрермендерді қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрпымен таныстырады. Сонымен қатар, ансамбльдің әлем халықтарының билерін ( орыс, башқұрт, кәріс, қытай, тәжік, якут, парсы, испан, армян, түрік, ұйғыр, шығыс билері) орындауы үлкен жетістік болып табылады.

 

Ансамбль әртістері күрделі хореографиялық тапсырмаларды жоғары кәсіби деңгейде орындайды. Оның қатысушыларының шеберлігі бірнеше рет айтулы байқаулар мен фестивальдерде көрінді. Атап айтсақ,

2007 жылы – Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің Шара Жиенқұлова атындағы арнайы диплом иегері (Қазақстан, Астана);

2009 жылы – Халықаралық «Берзәмлек – Содружество» байқауының лауреаты (Ресей, Уфа);

2010 жылы – Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің Бас жүлде иегері (Қазақстан, Астана);

2012 жылы – ансамбль әртістері Сандуғаш Есекешова пен Әсемгүл Нұрғалиева Шара Жиенқұлова атындағы IV республикалық қазақ би байқауының лауреаттары;

2015 жылы – ансамбль әртісі Көркем Шолошова ҚР халық әртісі Гүлжан Талпақованың Республикалық халық би байқау-фестивалінің Бас жүлде иегері атанса, Айгерім Кульшина осы байқауда І орынға ие болды.

«Шалқыма» халық би ансамблі Қазақстан және шетелдерге гастрольдік сапарларға сәтті шығып тұрады. Ұжымға Ресей, Ауғаныстан, Корея, Германия, Қытай, Түркия, Франция, Италия, Швейцария, БАӘ және т.б. елдерде қошеметтеп қол соққан.

 

ІШЕКТІ КВАРТЕТ

Көркемдік жетекшісі – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев

 

Айдар Тоқталиев – бірінші скрипка

Алексей Лебедев – екінші скрипка

Бекзат Сайлаубайұлы – альт

Ернар Мыңтаев – виолончель

 

 

Ішекті квартет өз тарихын 1988 жылы А.К.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық мамандандырылған қазақ музыка мектеп-интернатының қабырғасында пікірлестердің ұжымы ұйымдастырылған уақытта бастаған. Оның алғашқы музыканттарының ішінде қазіргі таңда кварттеттің тұрақты көркемдік жетекшісі болған Ернар Мыңтаев болды.

Қазақ композиторы, КСРО Халық әртісі Ғазиза Жұбанованың өзі оларға мектеп қабырғасында, одан әрі Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында оқып жүрген кездерінде жақсы тәлім беріп, ұжым болашақта Қазақстанның камералық өнерін лайықты дәрежеде көрсететініне мол сенім артты.

1998 жылы ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Астана қаласы әкімінің орынбасары, композитор Төлеген Мұхамеджанов квартетті астаналық филармонияға шақырды.

Бүгінгі күні ішекті квартет жоғары ойнау шеберлігімен, мінсіз ойнау техникасымен және ансамбльді сезіну қасиетімен ерекшеленетін Қазақстандағы камералық ұжымдардың үздігі болып табылады.

Ішекті квартет көптеген айтулы халықаралық байқаулар мен фестиваль бағдарламаларына қатысты және жоғары дәрежелі марапаттар мен атақтарға ие болды. Атап айтатын болсақ:

 

  • А.Сахаров атындағы жастар сыйлығының лауреаты (Ресей, Мәскеу, 1989);
  • «Золотая осень» Халықаралық камералық оркестрлер байқауы,
  • І орын (Украина, Хмельницкий, 1993);
  • Д. Шостакович атындағы Халықаралық ішекті квартеттер байқауы, III орын (Ресей, Мәскеу, 1999);
  • Д. Шостакович атындағы Халықаралық ішекті квартеттер байқауы, III орын (Ресей, Мәскеу, 2001);
  • «Шабыт» Халықаралық шығармашыл жастар фестивалі, Бас жүлде және ҚР Президенті кубогы (Қазақстан, Астана, 2001);
  • «Rovere d’Oro» Халықаралық байқауы, Бас жүлде (Италия, Сан-Барталомео-аль-маре; 2001);
  • «Bellini» Халықаралық байқауы – II орын (Италия, Сицилия; 2001);
  • Д. Шостакович атындағы Халықаралық ішекті квартеттер байқауы, II орын (Ресей, Мәскеу, 2004);
  • Халықаралық ішекті кварттеттер байқауы, ІІ орын (Жапония, Осака, 2005);
  • Испания патшайымы Софияның «Escuela Superior de musika Reina Sofia» үздік ансамбль дипломы (Испания, Мадрид, 2005);
  • Ф. Мендельсон атындағы Халықаралық фестиваль (Германия, Гамбург; 2009).

 

Ішекті квартеттің гастрольдік қызметінің шегі өте кең. Ұжым Қазақстанның көптеген қалалары мен шетелдерде де өнер көрсетеді. Сонымен қатар, Ресей, Франция, Англия, Австрия, Испания, Италия, Египет, Түркия, Германия, Жапония және Лихтенштейн князьдігінің үздік концерттік залдарында классикалық музыканы орындап жүр.

Ішекті квартет репертуарында қазақтандық, кеңестік, орыс және батыс еуропалық компоизиторлардың камералық музыкасы бар. Әлемдік музыкалық өнердің көптеген жауһарлары (Альбан Берг «Лирическая сюита», Людвиг ван Бетховен «16 квартет») квартет орындауында Қазақстанда тұңғыш орындалды.

  • квартеттің шығармашылық қызметінің жарқын беттері Бородина атындағы Ресей Мемлекеттік квартеті музыканттарымен ынтымақтастығы болып табылады, ұжым 10 жылдан бері Астана, Алматы және Мәскеудегі айтулы ұжымдармен бірігіп концерттер береді.
  • квартет альбомдары жетекші дыбыс жазушы компониялармен дыбыс жазады: 2000 жылы «»Астана» Қазақ мемлекеттік ішекті квартеті» (Ресей, «Русские сезоны»), 2005 жылы «Ғ.Жұбанова атындағы қазақ мемлекеттік ішекті квартет» (Испания), 2016 жылы «Great Steppes Melodies» (Швейцария, «Divox») дискілері жарық көрді. Соңғы альбом екі дисктен тұрады: біріншісінде Ғазиза Жұбанованың екі ішекті квартеті, ал екіншісінде заманауи композиторлардың өңдеуіндегі ұлы қазақ күйшілерінің күйлері жазылған.

Ұжымның шығармашылық қызметі мемлекетпен жоғары бағаланған. 1996 жылы ішекті квартет «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері атанды, ал 2001 жылы «Ерен еңбегі үшін» үкімет марапатына ие болды.

 

Айдар Тоқталиев (бірінші скрипка) –Халықаралық скрипкашылар байқауының І сыйлық лауреаты (Қазақстан, 2001). 2009 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген (профессор Н.М. Патрушева сыныбы). Ішекті квартет құрамында 2002 жылдан бастап жұмыс істейді.

Алексей Лебедев (екінші скрипка) – Халықаралық скрипкашылар байқауының лауреаты (Қазақстан, 2005), Н. Эрденко атындағы Бүкілресейлік скрипкашылар байқауының ІІІ сыйлық лауреаты (Ресей, 1998), Аймақаралық скрипкашылар байқауының І сыйлық лауреаты (Ресей, 2000), Республикалық скрипкашылар байқауының Бас жүлде иегері (Ресей, 1995). РФ Мәдениет министрлігінің және Марий Эл стипендиаты (1998). 2010 жылы Н.Жиганов атындағы Казань мемлекеттік консерваториясын бітірген. (профессор Л.С. Айкаев сыныбы). Ішекті квартет құрамында 2008 жылдан бастап жұмыс істейді.

Бекзат Сайлаубайұлы (альт) – Жас орындаушылардың 45 Халықаралық байқауының лауреаты (Қазақстан, 2010), «Альт» мамандығы бойынша Республикалық студенттер байқауы (Қазақстан, 2013). 2015 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген (Д.Е. Махмуд сыныбы). Ішекті квартет құрамында 2014 жылдан бастап жұмыс істейді.

Ернар Мыңтаев (виолончель) – Бүкілодақтық виоленчельшілер байқауының дипломанты (Краснодар, 1988), Республикалық виоленчельшілер байқауының І сыйлық лауреаты (Қазақстан, 1990), Н.Халмамедов атындағы Халықаралық байқаудың ІІ сыйлық лауреаты (Түрікменстан, 1993), Халықаралық виоленчельшілер байқауының ІІ сыйлық лауреаты (Молдавия, 1995). ҚР еңбек сіңірген қайраткері. 1996 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. (Халық әртісі, профессор Ж.К. Баспаевтың сыныбы). Ішекті квартет құрамында оның құрылған күнінен бастап жұмыс істейді.

 

"ҚОРҚЫТ" ДӘСТҮРЛІ САЗ ТОБЫ

Көркемдік жетекшісі –  Мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбек

 

«Қорқыт» дәстүрлі саз тобы 2015 жылғы қараша айында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, елордалық филармонияның бас директоры әрі көркемдік жетекшісі Сәкен Әбдірахмановтың бастамасымен құрылды. Топтың көркемдік жетекшісі Мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбек болды.

Ұжым құрылғаннан кейін бірнеше ай ішінде, яғни 2016 жылдың ақпан айында ҚР еңбек сіңірген қайраткері Майра Ілиясова, танымал музыкант Еділ Құсайынов, «Шалқыма» халық би ансамблі (көркемдік жетекшісі – Мәдениет қайраткері Әбдірасул Есекеев), сондай-ақ филармонияның халық ән бөлімінің орындаушылары қатысқан «Ғасырлар толғауы» («Голос веков») атты топтың тұсаукесер концерті өтті.

«Қорқыт» дәстүрлі саз тобының көркемдік міндеті Қазақстанның дәстүрлі музыкасын дәріптеу болып табылады, сондықтан ұжым құрамына қазақтың барлық халық аспаптарында (қобыз, қылқобыз, домбыра, сырнай, мүйіз сырнай, шаңқобыз, жетіген, шертер, дауылпаз, сазсырнай, бас домбыра, сыбызғы, су ағаш, толқылдақ және т.б.) ойнайтын талантты музыканттар жиналған. Ұжымның бірегейлігі ондағы әрбір әртістің бірнеше аспаптарды игеруі болып табылады. Осындай ерекшеліктің арқасында, 12 адамнан тұратын «Қорқыт» ұжымы кез келген шағын құраммен халық музыкасын орындай алады. Сол үшін де, көрермен көп аспапта орындаушылардың шеберлігін өте жақсы қабылдайды. Ұжымның музыканттары тек бірнеше аспапта ғана ойнап қоймайды, олардың ішіндегі көбісі сирек кездесетін көмеймен ән айту техникасын жақсы меңгерген.

Жатарды дәстүрлі музыка өнеріне тарту ынтасы әртістерді өздерінің жеке музыкалық стилін іздеуге талпындырады. Ұжым репертуарының негізін Шолпан Қорғанбектің авторлық өңдеуінен өткен қазақ фольклорының жанрлары, яғни күй, жыр, терме құрайды. Шеберлікпен өнделген халық музыкасы ондағы бейнелер мен сұлулықты барынша суреттеп, жаңаша естіледі.

«Қорқыт» дәстүрлі саз тобының репертуарында Шолпан Қорғанбектің өз шығармалары айтарлықтай орын алады. Ол композитор ретінде айтулы ұлттық байқауларда бірнеше рет жүлдегері болды: «Астана-Бәйтерек», «Балалық шақ досы» (2007), «Елім менің» (2007, 2011, 2014), «Тәуелсіздік толғауы» (2009, 2011, 2014, 2015), Б.Момышұлының 100 жылдығына арналған «Елдің ері – Бауыржан!» шығармасы (2010) және т.б.

Ұжым өз шеберлігін әрдайым арттыруға ұмтылады, оның барлық қатысушылары айтулы республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдердің жеңімпаздары, олар - Қазыбек Атамбаев, Әділжан Тобжанов, Ерзат Молдақұл, Фариза Кошеғұлова, Данияр Буданбай, Әрімбек Айбек, Қуаныш Рахмет, Нұрғожа Куат, Тоғжан Ғайса, Даяна Тұрманова, Мадина Османова, Мақсат Мадыкаримов.

Қорқыт» дәстүрлі саз тобы гастрольдік сапарларға белсенді шығып тұрады, 2016 жылғы мамыр және қыркүйек айларында ұжымға Қытай және Ресей елдерінде ұлттық мәдени мұраны көрсету мәртебесі бұйырды. Осы жыл ұжымның өмірінде тағы бір жарқын естелікпен есте қалды, ұжым Бақыр Тәжібаевтің джаз түріне өнделген «Ақ бұлақ» шығармасын орындап, «Ұлы дала әуені» атты халықаралық этно-фольк-джаз фестиваліне қатысты.

«Қорқыт» дәстүрлі саз тобының қысқа мерзім ішіндегі белсенді шығармашылық кызметі ҚР Президенті әкімшілігінің, Астана қаласы Мәдениет басқармасының, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігінің мақтау қағаздарымен және алғыс хаттарымен бірнеше рет марапатталды.

 

 

 

 

ЭСТРАДАЛЫҚ БИ ТОБЫ

Көркемдік жетекшісі – Лаура Мукаева.

Қоюшы - балетмейстер- – Ислямова Анель.

Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының эстрадалық би ансамблі 2016 жылы қазан айында құрылған.  Ансамбль құрамында күрделі хореографиялық тапсырмаларды орындай алатын кәсіби бишілер жұмыс істейді. Ұжым қатысушыларының шеберлігі олардың актерлік таланттарымен, орындау мәнерлігімен және жан-жақты қызығушылықтарымен толығып отырады.

Ансамбль әртістері өз концерттерінде хореографиялық өнердің сұлулығы мен байлығын көрсете отырып, алуан түрлі би стильдерін меңгерген. Классикалық би, модерн стиліндегі заманауи би, жалынды хип хоп пен рок-н- ролл – осының барлығы жас ұжымның репертуарында.

Эстрадалық би ансамблі әлем халықтарының (қазақ, өзбек, кәріс, испан, орыс, үнді және т.б.) би фольклорын көркем түсіндіріп, насихаттап жүр.

Эстрадалық би ансамблінің әртістері астаналық филармониядағы эстрада жұлдыздарының концерттерінде өз нөмірлерімен өнер көрсетіп, сондай-ақ олардың әндеріне хореографиялық қойылымдар қойып, жетістікпен жұмыс істеу үстінде.

МУЗЫКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БӨЛІМІ

 

 

Музыкалық шығармашылық қамтамасыз ету бөлімі Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының шығармашылық бөлімінің бірі болып табылады. Бұл ұжым филармонияның концерттік қызметіне белсенді ат салысады. Музыка-шығармашылық қамтамасыз ету бөлімінің міндетіне сценарийлерді құру және филармонияның концерттік іс-шараларын жүргізу болып табылады.

Музыка-шығармашылық қамтамасыз ету бөліміне өнертану магистрі, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, республикалық байқаулардың лауреаты Айсұлу Тани жетекшілік етеді. Бөлімде Нұрай Танабаев, Юлия Гайсина, Қарлыгаш Нұркенова, ГауҺар Ержанова, Евгения Ракова және Айдана Мұхтар қызмет етеді.

Бөлім құрамында музыкалық дәріс берушілер, «Құрмет» орденінің иегері Қайыржан Мақанов, «Мәдениет қайраткері» Маржан Жәкенова, Бүкілодақтық байқаудың лауреаты Жансұлу Жүзбаева, Ділдә Сатаева, Бахыт Тажинов, Жанна Әубакірова, Маржан Мырзабекова, Бахыт Хаджибаев, Фариза Биходжаева және Ақылова Назым жұмыс істеді.

Музыкалық шығармашылық қамтамасыз ету бөлімшесі ең кең көрермендер аудиториясын тартып, өскелең жас ұрпақты музыкалық және көркем сөз өнеріне баулып үлкен ағартушылық жұмыс жүргізеді. Музыкалық әдеби оқулар мектептерде, орта білім беру және жоғары оқу орындарында, оңалту орталықтарында және т.б жерлерде өтеді. Кездесулердің тақырыбы музыкалық мәдениеттің маңызды тарихи оқиғалары мен даталары ескеріле отырып әзірленеді.

Бүгінгі күні музыкалық-шығармашылық бөлім музыкалық ағартушылық және эстетикалық тәрбие беру мақсатын алға қойып, көрермендерімен тілдесудің таңдаулы үлгілерін іздеуді жалғастыруда

КЛАССИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭСТРАДАЛЫҚ ВОКАЛ БӨЛІМІ

Көркемдік жетекшісі – ҚР Жастар одағы сыйлығының лауреаты, Мәдениет саласының үздігі Нұрғали Тұрлыбеков

Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының классика және эстрадалық вокал бөлімі 2003 жылы құрылған. Бұл бөлімнің көркемдік жетекшісі – ҚР Жастар одағы сыйлығының лауреаты, Мәдениет саласының үздігі Нұрғали Тұрлыбеков. Оның осы бөлімді басқарумен қатар, халыққа рухани азық сыйлап келе жатқаны өнерге деген сүйіспеншілігінің белгісі десек болар.

Мемлекеттік академиялық филармониясының классика және эстрадалық вокал бөлімінің ұжымы өте талантты мамандардан құралған. Жетекшісі – республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Арайлым Рахымқызы. Классикалық вокал орындаушылар – ҚР еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы, Қияқбай Асамбаев, Бибігүл Жанұзақ, Азамат Жылтыркөзов, Татьяна Хасьянова және халықаралық байқаулар мен фестивальдердің лауреаттары Айзада Капонова, Шахризада Тыныштық, Батима Изенаева, Алтынбек Әбілда, Салтанат Мұратпекова, Ермек Берімжанов бар. Көрермендер әсіресе, осы бөлім әншілері өткізетін КСРО Халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған «Тамаша әнмен келіп еді көктемде» кешін ерекше ықыласпен тамашалайды. Сонымен қатар, филармонияда Қазақстанның басқа да көрнекті мәдениет қайраткерлері – КСРО Халық әртісі Роза Жаманова, ҚазКСР Халық әртісі Шәмші Қалдаяқовты еске алуға арналған кештер де өткізіліп тұрады. Романс кештерінің тыңдарман жүрегінен алар орны ерекше. Өйткені, мұндай концерттерде әртістер камералық жанрдағы психологиялық толғаныстар мен сан алуан сезімдерді сахнада паш етеді. Осындай концерттік бағдарламалар Михаил Глинка, Петр Чайковский, Александр Алябьев, Роберт Шуман, Иоганнес Брамс, Макс Регер және Ғазиза Жұбанова секілді композиторлардың мерейтойларына жиі арналып тұрады. Нәтижесінде, филармонияда әдемі романс кештер өтеді. Әншілер романстарды рояльдың (концертмейстер – Сәуле Алғазиева, Роза Шоткалиева) сүйемелдеуімен ғана емес, танымал туындыларды қазақ оркестрі, симфониялық оркестр, үрлемелі оркестр және «Сарыарқа» халық музыка ансамблдерімен де орындайтыны ерекше назар аударатын жағдай.

Астаналық талғампаз тыңдарман Жак Оффенбах, Имре Кальман, Франц Легар, Иоганн Штраус, Александр Александров және т.б. танымал авторлардың оперетталарынан құралған «Ах, оперетта!» концертін сүйсіне тамашалайды. Тыңдаған жанды өзіне баурап алатын және еліктіретін әуендер орындаушылардың шеберлігін айғақтай түседі. Кемеңгер композиторлардың рухани музыкасын сүйсіне тыңдаудың бірден-бір мүмкіндігі филармонияның «Великие итальянские мастера» концертінде орын алады. Кантаталар мен ораториялардың жоғарғы бейнелерінің ерекше құрылымы мен орындау шеберлігі Астананың есте қалар мәдени оқиғасына айналған.

Филармонияның тағы бір сәтті жобасы – «Жұлдызды дуэт» концерттік бағдарламасы. Онда орындау стилі арасында шекара болмайды, бір дуэтте классикалық және эстрадалық вокал әртістері ән салады. Мұндай кештердің қатарына, «Мой город», «Тілі басқа, тілегі бір», «Весна идет!», «Осенние напевы», «Зимний вечер», «Вокальная палитра весны», «Мелодия души», «Парад классики», «Поклонимся великим тем годам», «Вечер итальянской музыки», «Сиқырлы кино әлемі», «Шырқа, Астана», «Әсем ән мен тәтті күй» және т.б. концерттерін жатқызуға болады.

Қазақстандық және шетелдік эстрада өнерінің үздік туындыларын Бағдат Сәмединова, Алтынай Жорабаева, Естай Мұқашев, Нұрғали Тұрлыбеков, Нұрбол Балапанов, Арайлым Рахымқызы, Айнұр Байнұлдинова, Диана Май, Гүлмира Жұмабекова, Дихан Ильяшев және Жанерке Хасенова сынды әншілер сахнадан көрермен назарына ұсынып жүр.

Эстрадалық өнер әртістерінің жыл сайынғы Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бала тілегі» концертінде танымал әншілер кішкентай дарынды әртістермен дуэт болып өнер көрсетеді. Жаңа жыл қарсаңында өтетін «Жаңа жыл – думан» концерті дәстүрлі музыкалық сыйлыққа айналған. Сонымен қатар, әртістер 15 сәуірдегі “Қозы көрпеш-Баян сұлу” ғашықтар күніне арналған «Екі ғашық» концертін, патриоттық сезімді ояту үшін «Жасай бер, қазақ елі!», ретро концерт «Кездер-ай», Қазақстанның ұлы композиторлары – Ш.Қалдаяқов, Н.Тілендиев, Ә.Бейсеуов, А.Еспаевтарға арналған «Ұмытылмас әндер» кештерін сыйға тартады.

Филармонияның көркемдік жетекшісі және бас директоры Сәкен Сейітқалиұлы Абдрахмановтың идеясымен Петр Чайковскийдің «Иоланта», Жоржа Бизенің «Кармен»,Сергей Рахманиновтың «Алеко», Нұрғиса Тілендиев пен Құддыс Қожамияровтың «Алтын таулар», Еркеғали Рахмадиевтің «Алпамыс» және Арман Жайымның «Сұлтан Бейбарыс» шығармаларын концерттік орындауда халыққа ұсынылды. Осылай филармония әртістері театр жанрын сәтті меңгеру үстінде. Кішкентай тыңдармандар үшін Жолдыбай Дәстеновтің «Қаңбақ шал» және Дмитрий Шостаковичтің «Сказка о глупом мышонке» балалар операсы дайындады. Сонымен қатар, бөлім орындаушылары филармонияның «Абайдың қара сөздерінен», «Кыз Жібек пен Сансызбай», «Шыңғысхан» сияқты музыкалық-театрландырылған қойылымдары мен әдеби-музыкалық кештерінде де өнер көрсетіп жүр.

Классикалық және эстрадалық вокал бөлімінің әртістерін қалалық, республикалық және халықаралық маңызы бар іс-шараларда үнемі өнер көрсетеді. Бөлімде әншілерден басқа, жыл сайын өздерінің жеке шығармашылық концерттерімен өнер көрсететін аспапта орындаушылар Мәдениет қайраткері Ерқат Нұрғалиев, Музыка академигі Саида Калыкова, халықаралық байқаулардың лауреаты Данияр Есімханов жұмыс істейді. Олар Ресей, Қытай, Беларусь, Франция, Бельгия, Италия, Украина, Турция және т.б. көптеген елдердегі өткен Астана қаласының мәдениет күндеріне арналған мерекелік концерттерде өз өнерлерін көрсетті.