Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы
"ҚОРҚЫТ" ДӘСТҮРЛІ САЗ ТОБЫ

Көркемдік жетекшісі –  Мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбек

 

«Қорқыт» дәстүрлі саз тобы 2015 жылғы қараша айында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, елордалық филармонияның бас директоры әрі көркемдік жетекшісі Сәкен Әбдірахмановтың бастамасымен құрылды. Топтың көркемдік жетекшісі Мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбек болды.

Ұжым құрылғаннан кейін бірнеше ай ішінде, яғни 2016 жылдың ақпан айында ҚР еңбек сіңірген қайраткері Майра Ілиясова, танымал музыкант Еділ Құсайынов, «Шалқыма» халық би ансамблі (көркемдік жетекшісі – Мәдениет қайраткері Әбдірасул Есекеев), сондай-ақ филармонияның халық ән бөлімінің орындаушылары қатысқан «Ғасырлар толғауы» («Голос веков») атты топтың тұсаукесер концерті өтті.

«Қорқыт» дәстүрлі саз тобының көркемдік міндеті Қазақстанның дәстүрлі музыкасын дәріптеу болып табылады, сондықтан ұжым құрамына қазақтың барлық халық аспаптарында (қобыз, қылқобыз, домбыра, сырнай, мүйіз сырнай, шаңқобыз, жетіген, шертер, дауылпаз, сазсырнай, бас домбыра, сыбызғы, су ағаш, толқылдақ және т.б.) ойнайтын талантты музыканттар жиналған. Ұжымның бірегейлігі ондағы әрбір әртістің бірнеше аспаптарды игеруі болып табылады. Осындай ерекшеліктің арқасында, 12 адамнан тұратын «Қорқыт» ұжымы кез келген шағын құраммен халық музыкасын орындай алады. Сол үшін де, көрермен көп аспапта орындаушылардың шеберлігін өте жақсы қабылдайды. Ұжымның музыканттары тек бірнеше аспапта ғана ойнап қоймайды, олардың ішіндегі көбісі сирек кездесетін көмеймен ән айту техникасын жақсы меңгерген.

Жатарды дәстүрлі музыка өнеріне тарту ынтасы әртістерді өздерінің жеке музыкалық стилін іздеуге талпындырады. Ұжым репертуарының негізін Шолпан Қорғанбектің авторлық өңдеуінен өткен қазақ фольклорының жанрлары, яғни күй, жыр, терме құрайды. Шеберлікпен өнделген халық музыкасы ондағы бейнелер мен сұлулықты барынша суреттеп, жаңаша естіледі.

«Қорқыт» дәстүрлі саз тобының репертуарында Шолпан Қорғанбектің өз шығармалары айтарлықтай орын алады. Ол композитор ретінде айтулы ұлттық байқауларда бірнеше рет жүлдегері болды: «Астана-Бәйтерек», «Балалық шақ досы» (2007), «Елім менің» (2007, 2011, 2014), «Тәуелсіздік толғауы» (2009, 2011, 2014, 2015), Б.Момышұлының 100 жылдығына арналған «Елдің ері – Бауыржан!» шығармасы (2010) және т.б.

Ұжым өз шеберлігін әрдайым арттыруға ұмтылады, оның барлық қатысушылары айтулы республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдердің жеңімпаздары, олар - Қазыбек Атамбаев, Әділжан Тобжанов, Ерзат Молдақұл, Фариза Кошеғұлова, Данияр Буданбай, Әрімбек Айбек, Қуаныш Рахмет, Нұрғожа Куат, Тоғжан Ғайса, Даяна Тұрманова, Мадина Османова, Мақсат Мадыкаримов.

Қорқыт» дәстүрлі саз тобы гастрольдік сапарларға белсенді шығып тұрады, 2016 жылғы мамыр және қыркүйек айларында ұжымға Қытай және Ресей елдерінде ұлттық мәдени мұраны көрсету мәртебесі бұйырды. Осы жыл ұжымның өмірінде тағы бір жарқын естелікпен есте қалды, ұжым Бақыр Тәжібаевтің джаз түріне өнделген «Ақ бұлақ» шығармасын орындап, «Ұлы дала әуені» атты халықаралық этно-фольк-джаз фестиваліне қатысты.

«Қорқыт» дәстүрлі саз тобының қысқа мерзім ішіндегі белсенді шығармашылық кызметі ҚР Президенті әкімшілігінің, Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасының, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігінің мақтау қағаздарымен және алғыс хаттарымен бірнеше рет марапатталды.