Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы
ДИРЕКТОРДАН

Қымбатты достар!

Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының жаңа сайтына қош келдіңіздер!

Бүгінгі күні Астана Қазақстанның мәдени орталығы болып табылады, ал елдордалық филармония қазақ және әлемдік музыка мәдениетін насихаттауға бағытталған қызыққа толы концерттік қызметімен осы имиджді құруға үлкен үлес қосуда. Шығармашылық ұжымдардың репертуары жыл сайын жан-жақты әрі қызықты болып келеді, ал әртістердің шеберлік деңгейі жоғарылауда. Елордалық филармония өзінің құрылу жолын сәтті өтіп, 2014 жылы «Академиялық» жоғары мәртебесін иеленді. Алайда біз қол жеткізген жетістіктерімізбен тоқтамаймыз және алдымызға ауқымды жоспарлар қоямыз. Біз ең үздік музыкалық дәстүрді сақтауға және жалғастыруға ұмтыламыз. Мен біздің елордалық филармониямыздың бұдан да биік белестерді бағындыратынына сөзсіз сенемін.

Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының сайты өз тыңдармандарын алда өткізілетін концерттер мен ұжымдар туралы ақпараттар беру үшін жасалған. Сонымен қатар, сіздер сайт арқылы билет брондап, сатып ала аласыздар. Сіздер үшін біздің сайт пайдалы әрі қызықты болады деген үміттемін.

Сіздерді біздің концерттерде күтеміз!

 

 

 

Бас директоры  және көркемдік жетекшісі 

Сәкен Әбдірахманов