Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы
Билет сатып алу және концертке келу ережелері

Құрметті тыңдармандар!

Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының ұжымдары сіздерге сәлем жолдайды және біздің іс-шараларымызға келгендеріңіз үшін алғыс білдіреді!

Филармония кейбір жағдайларда бағдарламалар мен орындаушылар құрамына жеке өзгерістер енгізу құқығын өз тарапына қалдырады.

Кейбір жағдайларда концерт күндері өзгертілуі мүмкін.

Сіз және Сіздің айналаңыздағы адамдар өзін жайлы және еркін сезінуі үшін келесі ережелерді сақтауыңызды сұраймыз:

  • Фойеге іс-шара басталғанға дейін 1 сағат бұрын кіруге рұқсат етіледі.
  • Көрермендер залына бірінші қоңыраудан кейін кіруге рұқсат етіледі.
  • Үшінші қоңыраудан кейін партерге кіруге болмайды.
  • Іс-шараға масаң күйде келуге болмайды.
  • Көрермендер залына сыртқы киіммен кіруге тыйым салынады.
  • Залға ірі көлемдегі заттарды, сөмкелер мен қалталарды әкелуге рұқсат етілмейді.
  • Іс-шара кезінде зал ішінде жүруге тыйым салынады.
  • Залдан үзіліс кезінде немесе іс-шара аяқталғаннан кейін шығуға болады.
  • Кешкі іс-шараларға 7 жасқа дейінгі балалар жіберілмейді.
  • Билетте көрсетілген орындар бойынша сұрақтар туындаса, зал бақылаушысына жүгініңіз.
  • Арнайы белгіленген орындарда ғана темекі шегуге рұқсат етіледі.
  • Сатып алынған билеттер қайта өткізуге және ауыстыруға жатпайды.
  • Барлық туындаған сұрақтар бойынша концерттік залдың әкімшілігіне жүгініңіз.
  • Концертке 3 жастан асқан балалар ересектермен бірге жіберіледі.

 

Түсінік танытқандарыңызға үлкен рақмет!