Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросында Call – орталық жұмыс істейді. Call – орталықтың негізгі міндеті азаматтарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тегін консультациялық қолдау көрсету және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы телефон хабарламаларын қабылдау болып табылады.

Call – орталыққа қоңырау шалу «1424» нөмірі арқылы (қоңырау шалу тегін) республика бойынша қалалық телефондардан және барлық ұялы байланыс операторларынан жүзеге асырылады.