Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы
«АРМАНЫМА ХАТ» Дәстүр Асылханның жеке ән кеші «АСТАНА» концерт залы 10.10.2019 сағат 19.00

10.10.2019

Қазан айының 10-шы жұлдызында, сағат 19.00де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының дарынды әншісі, «Қазақстан дауысы - 2014» тележобасының финалисті, Нұр-Сұлтан қаласы «Жігіт сұлтаны» байқауының бас жүлде иегері, «Жас қанат» байқауының жүлдегері Дәстүр Асылханның «Арманыма хат» атты жеке ән кеші өтеді.      
 Өтетін орны: «Астана» концерт залы

Дәстүр Асылхан 1988 жылы Қытай Халық Республикасы Шинжиаң ұйғыр автономиялық обылысының Шәушек қаласында дүниеге келген. 2017 жылы бастап Елорда филармониясында әнші болып қызмет атқарады. Ол осы уақыт ішінде бірнеше тележобалардың һәм Халықаралық және Республикалық байқаулардың жеңімпазы атанып, өз тыңдармандарын тапқан өнерпаз. Ерекше қазақы дауысымен талайдың көңілін баураған талантты әнші. Ол өзінің табиғат тарту еткен өнерінің арқасында 2012 жылы Шәмші Қалдаяқов атындағы Халықаралық «Менің Қазақстаным» атты ән байқауында арнайы әкім жүлдесіне ие болып, 2017 жылы Ақтөбе қаласында өткен Республикалық «Жібек жолы» ән додасында 2 орынды қанжығасына байлады.  Ал, 2018 жылы Қарағанды шәһарында өткен «Жұлдыз» атты ән бақауында тағы да топ жарып, жүлделі төрден табылды.                                                                                                    
Дәстүр Асылханның «Арманыма хат» атты жеке ән кешінде, «Самал тау», «Қара жорға» сынды халық әндерімен қатар, «Өзгеге қарамайсың ба?», «Өмір мұңы», «Баурайды қыз», «Нең бар-ей?!» секілді жаңа әндері де  тыңдармандарына жол табады. Кешке, қазақ эстрада жұлдыздары қатысады.      
 Байланыс: 8775 491 11 01  
                   8701 766 13 96       


 

Кенесары, 32

Басқа афиши

19.09.2019
Кенесары, 32

17.09.2019
Кенесары, 32