Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы
БІРЖАН САЛДЫҢ 185 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «АСТАНА» концерт залы 17.09.2019 сағат 19.00

17.09.2019

Қазақтың кең даласы талай алыптарды тудырғаны баршамызға аян! Осынау байтақ өлкеде ғұлама да, сал-сері де, ақын, жазушы да, әнші, өнерпаз да қияға қанат қаққаны бек ақиқат! Көрікті Көкше өңірінің тумасы, сазгер, ақын Біржан салды да қазақтың ән тербеген жасыл, жазира алқабы дүниеге әкелгені бәрімізге мәлім. Өмірден озбай тұрып өзінің ән мұрасы, тау асқан таланты мен даналығы үшін халықтың құрметіне ие болып, сал сөзін иемденген өнерпаздың өнерін дәріптеу күллі қазақ еліне парыз. Оның әрбір әні  орындаушылардан ерекше вокалдық қабілетті, мінез бен күшті талап етеді. Біржанның әндерінде мөлдір махаббат, ерекше тылсым сезім, өмір шырғалаңдары да бар. Оның мұрасы шынайылығымен, іңкәр, тұнықтығымен қымбат.  
Осыны ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының Халық ән бөлімі (көркемдік жетекшісі Мәдениет қайраткері Секен Сыздық)  қыркүйек айының 17 жұлдызында, сағат 19.00де «Астана» концерт залында әйгілі Біржан салдың 185 жылдығына арналған «Ән жүйрігі – Біржан сал» атты ән кешін өткізеді.   
Кеш аясында – ұлы тұлғаның өмірінің шежіресіне айналған махаббат пен әлеуметтік теңсіздікті, философиялық ойларды толғайтын «Айтпай», «Көкек», «Бұрылтай», «Ал қара көк», «Жамбас сипар», «Ғашығым», «Он саусақ», «Жанбота», «Айбозым» және т.б   туындылары орындалып, Біржанның ізбасарлары Ақан сері, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай сынды тұлғалардың  ең үздік әндері көңілге көрік береді. Кешке, «Сарыарқа» халық музыка ансамблі, Камералық хор өнерпаздары қатысады. Концерт Елбасының «Рухани Жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры»  бағдарламасының аясында өтеді.  
Байланыс: 8701 407 54 08   

Кенесары, 32

Басқа афиши

21.09.2019
Кенесары, 32

19.09.2019
Кенесары, 32