Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы
ДИАНА МАЙ        «ЕГЕМЕН ЕЛІМ» 12.10.2018 – 19.00. «АСТАНА» КОНЦЕРТ ЗАЛЫ

12.10.2018

Халықаралық байқаулардың лауреаты, ерекше дауыс иесі, Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясың әншісі Диана Май Елордамыздың 20 жылдық мерейтойына орай, қазан айының 12-ші жұлдызында «Егемен елім» атты жеке шығармашылық кешін өткізеді.    
Өтетін орыны: «Астана» концерт залы. 
           «Егемен елім» атты кеш аясында М. Ілиясовтың «Мен саған өкпелеймін», Халық әндері «Ақбаян», «Балапан қаз», Т. Мұхамеджановтың «Алып кет мені» сынды әндер шырқалады.       
             Кешке, КазКСР еңбек сіңірген артисі Бекболат Байсағатов, Мәдениет саласының үздігі Нұрғали Тұрлыбеков, Мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының лауреаты Нұрбол Балапанов, Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаттары Дәстүр Асылхан, Айгүл Сүлейменова, Айжан Сейтенова, Мұратбек Хайролда,  «Қорқыт» дәстүрлі саз тобы,  «Шалқыма» халық би ансамблі, Эстрада би ансамблі.            
            Талантты әнші Диана Майдың алғашқы тұсау кесер концерті ерекше көңіл күй сыйлайды. Бұл кеште әнші өзінің дауыс ерекшелігін көрсетіп, гүлдей болмысымен көрермен жанын баурайды.
         Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының    
 концерті «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында тарихи-мәдени мұраны      

 сақтау, дамыту және дәріптеу мақсатында өткізіледі. 

Кенесары, 32

Басқа афиши

28.11.2018
Кенесары, 32

22.11.2018
Кенесары, 32