Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы
Дина Дуйсен   Драмалық концерт «Байрон: ангел и изгой» 21.09.2019 – 19.00.  «АСТАНА» концерт залы

21.09.2019

Қыркүйек айының 21-ші жұлдызында, сағат 19.00де Ұлыбритания театр және кино актерлерінің қатысуымен, Қазақ-Британ пианисі, Халықаралық байқаулардың лауреаты, Корольдік музыка академиясының магистрі Дина Дүйсеннің «Байрон: ангел и изгой» атты  драмалық концерті өтеді.              
Өтетін орны: «Астана» концерт залы         
 Дина Дүйсеннің дарыны бала күнінен байқала бастады. Оның сондай ерекше табиғи таланты, тынымсыз еңбегі, әртістік қарым-қабілеті алып армандар биігіне жетеледі. Пианистің айрықша ынтасын, шеберлігін аңғарған мамандар, оны Еуропаның ең үздік ондық оқу орнына енетін Корольдік музыка академиясына шақырады. Ол әлгі оқу орнында шеберлігін әрмен қарай шыңдай түседі. Оның табиғат тарту еткен талантына таңқалған әйгілі музыканттар «Дина, Фортепианоның қазақ патшасы» - деген баға береді.             

Өнерпаздың «Байрон: ангел и изгой» атты қайырымдылық концерті Ұлыбритания елінде үлкен қызығушылық тудырып отыр. Кеш аясында Фридерик Шопен, Роберт Шуман, Франц Шуберт, Феликс Мендельсон сынды т.б композиторлардың әуендері орындалып, Романтик-ақын Джордж Байронның өлеңдері Роб Хипс, Саймон Рассел Бил сынды актерлердің оқуында көрерменге тарту етілмек.      
Бұл концерт, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен шаһар қонақтарын  бей-жай қалдырмасы хақ!      

Кенесары, 32

Басқа афиши

19.09.2019
Кенесары, 32

17.09.2019
Кенесары, 32