Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы
Дәулеткерейге арналған «Сарыарқа» халық музыка ансамблінің ХХ маусымының жабылуы

27.06.2018

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы негізінде Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының «Сарыарқа» халық музыка ансамблінің ХХ маусымының жабылуы ерекше мазмұнға ие болмақ. Себебі, маусымның жабылуында ұлттық өнер ұлықталады. 
- Дәулеткерейге арналған «Сарыарқа» халық музыка ансамблінің ХХ маусымының жабылу кешінде халқымыздың ұлы перзенті, күйші, композитор Дәулеткерей Шығайұлының шығармалары шырқалады.  
Кештің негізгі мақсаты  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында құрылған «Рухани қазына» бағыты бойынша ұлы тұлғаның ұмытылмас өнерін ұрпақ бойына сіңіру. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» оның ішінде «Рухани қазына» бағдары тоңалғанымызды түгендеп, жоғалғанымызды іздестіруге мол мүмкіндік жасап отыр. Осы тұрғыда Дәулеткерей Шығайұлының шығармашылығына ден қою негізгі мақсат болып отыр. 
Бұл кеште Дәулеткерейдің «Жеңгем сүйер», «Қыз Ақжелең», «Көркем ханым», «Қос алқа» (1 түрі) сияқты туындылар ойналады. Сонымен қатар жеке орындаушылар, әншілер, бишілер өнер көрсетеді. 
«Сарыарқа» халық музыка ансамблінің көркемдік жетекшісі Тоғжан Жахин.    

Кенесары, 32

Басқа афиши

16.10.2018
Кенесары, 32

12.10.2018
Кенесары, 32