Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы
Ғабдылхақ Барлықовтың шығармашылығына арналған «Сарыарқа» халық музыка ансамблінің ХХII маусымының ашылуы 19.09.2019 – 19.00.  «АСТАНА» концерт залы

19.09.2019

Қыркүйек айының 19-шы жұлдызында, сағат 19.00де  шертпе күйдің шебері Ғабдылхақ Барлықовтың шығармашылығына арналған Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы «Сарыарқа» халық музыка ансамблінің ХХII концерттік маусымының ашылуы өтеді.                                     
Өтетін орны: «Астана» концерт залы         
Өресі биік өнерпаз Ғабдылхақ Барлықов Қытай Халық Республикасы Шәуешек қаласында дүниеге келген. Оның әкесі домбыра тартып, тарихи жыр-дастандарды жер-жеберіне жеткізе айтатын елге танымал жан болған. Ал, анасы қолынан домбырасы түспейтін әнші һәм айтыскер ақын болған. Кішкентай күнінен зерек, алғыр боп өскен Ғабдылхақ Барлықов мектепте оқып жүргенде-ақ
«Жорға аю», «Майдажал», «Беласар», «Телқоңыр» сынды халық күйлерін орындаған. Кейінірек халық композиторы Қайрақбайдың «Емен толқыны», «Қоңыр самал», күйші Жұмажанның «Ой терме»  сияқты т.б  күйлерді игеріп, Балуанхақ, Мәмен, Тәстенбайдың Задасы қатарлы домбырашылармен араласып репертуарына «Көк дөнен», «Әкім батыр», «Шақабай-Шалап» сынды туындыларды қосады. Бүгінде, Ғабдылхақ Барлықов шертпе күйдің шыңына жеткен ұлы тұлғаға айналып отыр.         
«Сарыарқа» халық музыка ансамблінің
ХХII концерттік маусымының ашылуында әйгілі өнерпаздың орындаған Қайрақбайдың «Тел қоңыр», «Дайынкөл», «Ақсақ Марал», «Майда қоңыр», «Өрелі кер», Мүкейдің «Қосбасқан», Заманбектің «Қайрақбай», Байжігіттің «Көксерке» Халық күйі «Жалқы жігіт», Халық әні «Айхай жалған» Тайыр Белгібайдың «Ақ арал», Бейсенбінің «Кеңес» секілді шығармалары, сондай-ақ, Ғабдылхақ Барлықовтың «Әке арманы», «Ақ шәулім», «Сағыныш сазы» сынды төл туындылары тарту етілмек.  «Сарыарқа» халық музыка ансамблінің көркемдік жетекшісі - Тоғжан Жахин.
БАЙЛАНЫС: 8707 518 31 18    

Кенесары, 32

Басқа афиши

21.09.2019
Кенесары, 32

17.09.2019
Кенесары, 32