Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы
«Голливуд әлемі»»

02.11.2019

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында, қараша айының 2-ші жұлдызында, сағат 18.00де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясына қарасты Үрлемелі оркестрдің «Голливуд әлемі»   атты ХIХ концерттік маусымының ашылуы өтеді.         
       Өтетін орны: «Астана» концерт залы

Кино әлемі қызықты да жұмбақ сиқырға толы. Оның музыкасы адамға ерекше сезім сыйлайтыны да белгілі. Елордалық Үрлемелі оркестр қараша айының 2-ші жұлдызында сиқырлы әуендерді барша көрерменге тарту етеді. Бұл кеште «Звездные войны», «Назад в будущее», «Аватар», «Матрица», «Код Да Винчи», «Список Шиндлера», «Алладин», «Миссия невыполнима» т.б фильмдерден саундтректер орындалады.         
Мемлекеттік филармонияның бұл кеші ешкімді бей-жай қалдырмасы хақ.Концерт «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында тарихи-мәдени мұраны сақтау, дамыту және дәріптеу мақсатында өткізіледі.

Кенесары, 32