Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы
«Қайран, Нарын» Махамбет Өтемісұлының 215 жылдығына арналған Қазақ оркестрінің ХХIII концерттік маусымының ашылуы 03.09.2019 – 19.00. «АСТАНА» КОНЦЕРТ ЗАЛЫ

03.09.2019

        

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қыркүйек айының 3-ші жұлдызында, сағат 19.00де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы Қазақ оркестрінің «Қайран, Нарын» атты ХХIII концерттік маусымының ашылуы өтеді. Бұл кеш, батыр бабамыз Махамбет Өтемісұлының 215 жылдығына арналады. Атадан туған ардақты ер Махамбет Өтемісұлы Ұлы арман жолында, тәуелсіздік таңы үшін күрескен баһадүр батыр. Оның отты жырлары, жүректі қақ жаратын туындыларының маңызы келер ұрпақ үшін таптырмас дүние болып табылады. Махамбет ол қазақтың асқақ рухы, аласармас арманы, мәңгілік үлгі тұтар азаматы. Оның ерлік жолын, күрескерлік болмысын дәріптеу, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу ортақ парыз.  Ендеше, осынау маңызы зор кешке барша халықты шақырамыз. Кеш аясында Махамбеттің   «Қайран, Нарын», «Шілтерлі терезе»,  «Жайық асу», «Жорықта», «Исатайдың Ақтабаны-ай»,  «Жұмыр,Қылыш», «Өкініш»,  «Арысымнан айрылдым»,  «Мен, мен, едім, мен едім» сынды т.б. мәңгілік мұралары тарту етіліп, көріністер қойылады. Сондай-ақ, Құрманғазының «Кішкентай», КСРО халық артисі Нұрғиса Тілендиевтің «Махамбет», Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Айтқали Жайымовтың «Ереуіл атқа ер салмай», Нұрлан Бекеновтың «Қызғыш құс» сияқты т.б күйлері орындалады. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының концерті «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында тарихи-мәдени мұраны сақтау, дамыту және дәріптеу мақсатында өткізіледі.          
БИЛЕТТЕР БОЙЫНША: 8707 222 12 41

Кенесары, 32

Басқа афиши

21.09.2019
Кенесары, 32

19.09.2019
Кенесары, 32