Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы
КАМЕРАЛЫҚ ХОР ЭСТРАДАЛЫҚ БИ АНСАМБЛІ СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТР АРТИСТЕР   «ҚҰРМАНҒАЗЫ» 19.01.2019 – 18.00. «АСТАНА»КОНЦЕРТЗАЛЫ

19.01.2019


 

 

·

           Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы қаңтар айының 19 күні сағат 18.00де Ахмет Жұбанов пен Ғазиза Жұбанованың «Құрманғазы» атты концерттік операсын тарту етеді. Либретто авторы Хамит Ерғалиев.  
             Премьераның өтетін орны: «Астана» концерт залы       
            
Қазақ музыка өнерінің гималайы, саз әлемінің сардары – Ахмет Қуанұлы Жұбанов, Құрманғазы Сағырбайұлының күйлерін оркестрге түсіріп орындатқан алғашқы композитор. Ол 1935 жылы күйшінің туған өлкесіне барып, оны көрген, бірге болған және күйлерін үйренген адамдармен сөйлесіп, көптеген деректерді жазып алады. 1951 жылдан бастап Ахмет Жұбанов Құрманғазы туралы мұрағат деректерін жинауға кіріседі. Қазақстандағы мұрағаттардан, Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларындағы көпшілік кітапханалардан Құрманғазы туралы деректерді тауып, олардың бірқатарын баспасөз беттеріне жариялайды. Кейін «Құрманғазы» жайында еңбек жазады. Оның көп жылғы ізденісі, толғанысы «Құрманғазы» операсын тудыруына да жол ашады. Бүгінде аталмыш ауқымды дүние өнердің заңғарына айналып отыр. Бұл өміршең шығармада күйші Құрманғазының ауыр тағдыры, өмір белестері, шығармашылық жолы суреттеледі.      
         «Құрманғазы» концерттік операсында орындайтын партиялар: «Құрманғазы»  – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов,

            Әуес – Шахризада Тыныштық, Наталия – Гүлнұр Жақсылықова, Алқа – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дина Хамзина, Перовский – Алтынбек Әбілдә, Ақбай – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайыржан Бердібай.              Сонымен қатар атылмыш өнер туындысына Камералық хор (көркемдік жетекшісі Гүлмира Құттыбадамова) Симфониялық оркестр (Бас дирижері Ернар Нұртазин), Эстрадалық би ансамблі (көркемдік жетекшісі Лаура Мұқаева) қатысады.          
       Режиссері – Асхат Қошаев     
         
Концерт «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында тарихи-мәдени мұраны сақтау, дамыту және дәріптеу мақсатында өткізіледі.

 

____________________________________________________________________________________________________________________________

Іс-шараның ұзақтығы:90 минут

Ұйымдастырушы:Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы

«АСТАНА»КОНЦЕРТ ЗАЛЫ,Кенесары көшесі, 32

Тел:8 (717) 2 75 23 60 жарнама-ақпараттық бөлім, 8 (717) 2 75 23 83 касса, 8 (717) 2 32 51 34 факс,

www.philarmonic-astana.kz

Кенесары, 32