Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы
КАМЕРАЛЫҚ ХОР «МӘҢГІЛІК МҰРА» «АСТАНА ОПЕРА» - КАМЕРАЛЫҚ ЗАЛ 25.06.2019 – 19.00

25.06.2019

Маусым айының 25 күні сағат 19.00де «Астана опера» театрының Камералық залында, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы Камералық хорының «Мәңгілік мұра» атты концерттік бағдарламасы өтетінін хабарлаймыз.              
Ұлы тұлғалардың қалдырған мөлдір туындылары, халық әндері "Мәңгілік мұра"... Оларды дәріптеу баршаға ортақ парыз! Бұл кештің негізгі мақсаттары да сол – ұлы тұлғалардың өміршең туындыларын дәріптеу, кеңінен насихаттау.

Кеш барысында, халық әндерімен қатар, Абай Құнанбайұлының "Көзімнің қарасы", Үкілі Ыбырайдың "Алтыбасар", Ақан серінің "Балқидаша", "Қараторғай", "Маңмаңгер", Біржан Салдың "Ғашығым", "Жанбота", "Бұрылтай" сынды т.б, халық композиторларының көптеген туындылары сондай-ақ, Құрманғазының "Ақбай", "Ақсақ киік" секілді шоқтығы биік күйлері тарту етіледі. Камералық хордың көркемдік жетекшісі, Мәдениет қайраткері Гүлмира Құттыбадамова. Кеш, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтеді.   
Байланыс: 8771 000 39 97   

 

Кенесары, 32

Басқа афиши

21.09.2019
Кенесары, 32

19.09.2019
Кенесары, 32