Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы
«АЙБОЗЫМ» КАМЕРАЛЫҚ ХОРДЫҢ КОНЦЕРТІ

02.02.2018

Біржан Қожағұлов өмірден озбай тұрып өзінің бай ән мұрасы, сирек таланты мен даналығы үшін халықтың құрметіне ие болып, сал сөзін иемденді. Біржанның әрбір әні – бұл орындаушылардан ерекше вокалдық қабілетті, мінез бен күшті талап ететін қазақ музыкалық шығармашылығының інжуі.

Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының камералық хоры (көркемдік жетекшісі және дирижеры – ҚР «Мәдениет қайраткері» ҚР білім беру саласының үздігі Гүлмира Құттыбадамова), «Қорқыт» дәстүрлі саз тобы – (көркемдік жетекші Мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбек) және халық ән бөлімінің жеке орындаушылары – халықаралық байқаулардың лауреаты Данияр Мұқан мен Жақсыгелді Маясаров 2 ақпан күні Біржан салдың шығармашылығына арналған «Айбозым» концертін ұсынады. Концерттің арнайы қонағы ҚР еңбек сіңірген әртісі Қапаш Құлышева. Мәдени іс-шара «Қазақстан» ОКЗ камералық залында сағат 19.00-де өтеді.

Кеш бағдарламасында – махаббат, әлеуметтік теңсіздік пен философиялық ойлар тақырыбына арналған қазақ бұлбұлының жауһарлары орындалады. Ахмет Жұбановтың пікірі бойынша Біржанның әндері – бұл оның өмірінің шежіресі, яғни өміріндегі оқиғалары мен кездесулері әндерінің пайда болуына себеп болған. Осылайша, концертте әлеуметтік-әйгілеуші әндер жанрындағы жоғары жетістікті көрсететін «Жанбота» (өндеуші Д.Мацуцин) әні орындалады. Біржанның ғашықтық әндерін шынайы лиризм, сезімнің адалдығы мен тереңдігі айрықша етеді. Концерт тыңдармандары ақынның «Ғашығым» (өндеуші Г. Берегешева), «Ляйлім-шырақ» (өндеуші Б. Демеуова), «Айтпай» (өндеуші Г. Түндікпаева-Жақсыгелді) және т.б. ең үздік туындыларын тыңдайтын болады. Өмірінің соңында шығарылған Біржанның әндері амалсыз мұңға толып, қайғыны көрсетеді. Сонымен қатар, концертте «Теміртас» (өндеуші Г. Түндікпаева-Жақсыгелді), «Бұрылтай» (өндеуші Д. Мацуцина) әндері орындалады. «Айбозым» концертіне Біржанның ізбасары Ыбырай және т.б. ең үздік әндері көрік береді.

«Айбозым» концерті «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында тарихи-мәдени мұраны сақтау, дамыту және дәріптеу мақсатында өткізіледі.

Камералық хор, «Қорқыт» дәстүрлі саз тобы және жеке орындаушылар туралы ақпаратты www.philarmonic-astana.kz сайтынан біле аласыздар.

«ҚАЗАҚСТАН» ОКЗ Камералық залы. Мәнгілік ел даңғылы 10/1

Басқа афиши

16.10.2018
Кенесары, 32

12.10.2018
Кенесары, 32