Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы
Үрлемелі оркестрінің "Jazz and Rock" атты концерті

24.02.2018

24 ақпан күні сағат 18.00-де «Астана» концерт залында (бұрынғы Конгресс-Холл) Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы үрлемелі оркестрінің «Jazz&Rock» концерті өтеді (бас дирижер – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әкім Мұхатжанов). Ұжымның орындауында үрлемелі және мыс аспаптарының кереметтілігін көрсететін джаз және танымал туындылар орындалады. Үрлеме оркестрдің аспаптарды керемет меңгеруі, ансамбьлдік шеберлік пен әртістік қабілет мерекелік атмосфера құрайды.

Джаз және үрлемелі аспаптар одағы – ең мықты алғашқы одақтардың бірі. Аңыз бойынша бірінші рет жазбаны пластинкаға 1917 жылы үрлемелі аспаптарда ойнайтын новоорлеан музыканты жазған.

Екі жылдан кейін Кларенс және Спенсер Уильямстардың «Royal Garden Blues» әні шықты. Әуеннің ұнағаны соншалықты, тіпті Байдербек және Луи Армстронг сынды танымал джазмендермен орындалды. «Jazz&Rock» концертінде «Royal Garden Blues» әуені дарынды музыкант Энди Кларктың өндеуінде орындалады.

Сол уақытта, яғни өткен ғасырдың 20 жылдарында алғаш рет джаз бен классикалық музыканы біріктіру әрекеттері басталды. Бұл бағыттың керемет үлгісі Джордж Гершвиннің «Голубая рапсодия» туындысы болды. Үрлемелі оркестрдің әртістері бұл туындыны орындап тыңдармандарды қуантпақ. Қазіргі кезде «Голубая рапсодия» туындысы әлемнің бар музыканттарымен үлкен сәттілікпен орындалуда, ал Америкада америкалық композитордың бұл музыкасы орындалатын концерттер аншлаг болып тұрады.

Итальяндық америкалық әнші, музыкант және композитор Луис Примның аты Джаз Славасы және биг-бенд Славасының залына енді – оның шығармашылығы танымал музыка мен джазға үлкен ықпалын тигізді. «Sing, Sing, Sing» хиты свинг дәуірінің бейресми әнұраны болып табылады.

Сыйқыршы Эндрю Ллойдтың сыйқырын «The Magic of Andrew Lloyd Webber» туындысы ашып береді. Уэббер және оның шығармашылығы superstar деп атауға болатын атақты «Иисус Христос – суперзвезда» рок-операсының кейіпкеріне ұқсас композитордың қызуғышылығын оятты. «Эвита» және «Призрак оперы» туындыларының сәттілігі де кем боламады.

Кешке ерекше реңк Антонио Жобиманың «Desafinado» туындысы бермек. Лирикаға толы әуен bossa nova визит картасына айналып, джаз стандарттарының антологиясына енді.

"АСТАНА" концерт залы. Кенесары көшесі, 32

Басқа афиши

16.10.2018
Кенесары, 32

12.10.2018
Кенесары, 32