Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы
"Махаббат дастан" концерті

01.03.2018

Көптен күткен алғашқы көктем күні біздің тыңдармандарымыз «Махаббат дастан» атты романтикалық кешінде жылылық пен махаббатқа бөленеді. Бұл концерт астаналық филармонияның дәстүріне айналып, Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына ұнағаны соншалық – жыл сайын зал көрерменге лық толады. Жер бетіндегі ең ұлы сезім - Махаббат туралы сүйікті эстрадалық әндердің бағдарламасы көрерменді шабыттандырып, жылулық сезімін сыйлайды.

«Махаббат дастан» концертінде ең үздік әншілер: филармонияның жеке орындаушылары мен кешке арнайы шақыртылған қонақтары - өнерлерін паш етеді. Музыка сахнасының жұлдыздары көпшілікке танымал әндерді жаңа өңдеумен орындайды. Естен кетпес кешті Қазақстан және Татарстанның халық әртісі, ҚР мемлекеттік сыйлық иегері Нұржамал Үсенбаева; ҚР еңбегі сіңген әртісі Бағдат Самединова; ҚР еңбегі сіңген қайраткерлері - Гүлзира Бөкейхан, Алтынай Жорабаева, Женіс Ысқақова, Айгүл Иманбаева, Айгүл Қосанова, Мәдениет қайраткері Естай Мұқашев, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Нұрбол Балапанов, халықаралық және республикалық байқаулар мен фестивальдерінің лауреаттары Арайлым Рахымқызы, Перизат Тұрарова, Гүлнұр Жақсылықова, Диана Май, Дихан Ильяшев, Мұратбек Хайролда және басқалар. Классикалық және эстрадалық вокал бөлімінің көркемдік жетекшісі – ҚР жастар одағы сыйлығының иегері Нұрғали Тұрлыбеков, Халық ән бөлімінің көркемдік жетекшісі – Мәдениет қайраткері Секен Сыздықов.

Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының концерті «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында тарихи-мәдени мұраны сақтау, дамыту және дәріптеу мақсатында өткізіледі.

"АСТАНА" концерт залы. Кенесары көшесі, 32

Басқа афиши

16.10.2018
Кенесары, 32

12.10.2018
Кенесары, 32