Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы
Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған концерті

07.02.2018

«Мейірімділік біз үшін ең қасиетті адамгершіліктің белгісі болатын», -деп кеңестің көрнекті қазақ ақыны, жазушысы және аудармашысы Мұқағали Мақатаев (1931-1976) есептеген. Өзінің керемет прозасы мен поэзиясында ол мейірімділік пен қайырымдылықты жырлаған. Ақынның өлең жолдары адамзатқа деген махаббатқа толы, сол себепті де олар халық үшін түсінікті де сүйікті.

Өмірден 45 жасында ерте озған Мұқағали Мақатаев баға жетпес мұра қалдырды: «Армысыңдар, достар» (1966), «Қарлығашым, келдің бе?» (1968), «Дариға жүрек» (1972), «Аққулар ұйықтағанда» (1974) «Шуағым менің» (1975), «Өмір-дастан», «Өмір-өзен» (1978), «Соғады жүрек» (1982), «Шолпан» (1984) және т.б. Қазіргі уақытта олар қазақ әдебиетінің алтын қорын құрайды.

Мұқағали Мақатаев өмірден озған соң оң жылдан аса уақыт өткеннен кейін 1985 жылы М. Мақатаев атындағы әдеби сыйлық тағайындалды, ал 2000 жылы Қазақстан үкіметімен қайтыс болғаннан кейін Қазақстан Республикасының әдебиет, өнер және сәулет аясындағы Мемлекеттік сыйлығын беру ұйғарылды.

Мұқағали Мақатаевтің көптеген өлеңдері керемет әндердің негізі болды. Мысал ретінде халық әніне айналған «Саржайлау» өлеңіне жазылған әнді айтуға болады.

7 ақпан күні Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының ұжымдары мен жеке орындаушылары Мұқағали Мақатаевтің өлеңдеріне жазылған әндері орындалатын және өлеңдері оқылатын «Жанды дауыс Мұқағали» атты музыкалық-әдеби кешін ұсынады.

«Жанды дауыс Мұқағали» музыкалық-әдеби кеші «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында тарихи-мәдени мұраны сақтау, дамыту және дәріптеу мақсатында өткізіледі.

"АСТАНА" концерт залы. Кенесары көшесі, 32