Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы
Симфониялық оркестрінің концерті

03.02.2018

3 ақпан күні «Астана» концерт залында орындалатын әрбір музыкалық шығарма туралы айта беруге болады. Петр Чайковскийдің фортепианоға арналған бірінші концерті, Игорь Стравинскийдің «Жар-птица» балетінен сюитасы, Тимур Мыңбаевтың «Любование» шағармасы – бұл музыка құмарларға үлкен қуаныш сыйлайтын танымал жауһарлар.

Елордалық филармония симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және дирижеры Берік Батырханұлының айтуы бойынша Чайковский мен Стравинскийді біріктіру идеясы 2017 жылдың жаз мезгілінде өткен Халықаралық Дягилевский фестивалінде оқуты бағдарламасын өткен кезде туындады. Теодор Курентзистің жетекшілігімен Стравинскийдің 3 балеті таныстырылды, оның ішінде композитор шеберге деген үлкен құрметінің белгісі ретінде Чайковскийге арнаған «Поцелуй феи» шығармасы да бар.Чайковский және Стравинскиймен бірге бір бағдарламада Мыңбаевтың шығармалары да орындалады. Берік Батырханның пікірінше композитордың соңғы «Фрескадағы» жазу мәнері Стравинскийдің музыкалық тілімен сәйкес келеді.

Чайковскийдің фортепианоға арналған бірінші концертінде өзінің бұл керемет музыка туралы әсерімен бөліскен республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Данияр Есімханов жеке орындаушылық етеді.

Данияр Есімханов:

-«Чайковкийдің бірінші концерті – танымал жауһар. Дәл осы концерттен орыс музыкасындағы фортепианолық концерттердің көрнекті тарихы басталды. Ол танымал Карнеги-холлдың ашылуында және Чайковский туындыларымен жасалған соңғы концертте композитордың көзі тірісінде орындалды. Тағы бір қызықты факт: Владимир Горовицтің мансабы Бірінші концертті феериялық орындауынан басталды.

Жақында мен Чайковский мен Надежда фон Мекктің қатынасхаттарын қайта оқып шықтым, композитор Николь Рубинштейннің қатты сынға алғанына қынжылып отырғанын жазған. Таң қаларлық жағдай: керемет музыка бола тұра, замандастарымен тиісінше бағаланбаған!

Чайковскийдің концерті туралы көптеген жайт жазылып, көптеген сөздер айтылған. Алайда, туындының бірнеше басылымы бар екенін қосқым келіп отыр. Фортепианолық партияның редакциялануы концерттің тұсаукесері өткеннен кейін басталды, яғни Чайковский бірінші орындаушы Ганс фон Бюловтың (концерт осы орындаушыға арналған) ұсыныстарына құлақ асты. Және бұдан әрі, композитор басқа да көрнекті пианиношылардың кеңестері бойынша фортепианолық партияны бірнеше рет редакциялады. Бір қызығы, Александр Зилотидің басылымы оған ұнамады, сол себепті де басылым композитор көз жұмғаннан кейін шығарылды. Алайда, қазіргі уақытта музыкалық әлемде концерт дәл осы соңғы басылымда орындалады және мен де концертті Зилотидің басылымымен орындайтын боламын».

Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының концерті «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында тарихи-мәдени мұраны сақтау, дамыту және дәріптеу мақсатында өткізіледі.

"АСТАНА" концерт залы. Кенесары көшесі, 32