Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы
«Айсұлу» операсының концерттік орындауы

12.02.2018

«Біз бәріміз – жай ғана композиторлармыз. Сыдық – Алланың рақымына бөленген жалғыз композитор», - деп Ғазиза Жұбанова КСРО және ҚазКСР халық әртісі, композитор Сыдық Мұхамеджанов (1924-991) туралы айтқан болатын. Ол халыққа бай мұра қалдырды, оның маңыздылығын талантты суретші өмірден озбай тұрып көрнекті өнер қайраткерлері де ескеріп отырған. Мұхтар Әуезов Сыдық Мұхамеджановтың романстарын Абайдың өлеңдерімен ұқсас деп санаған, Андрей Эшпай «Голос веков» ораторриясына мәңгілік болжаған (және бұл шындық болды!), Еркеғали Рахмадиев композитордың керемет лирикалық дарындығын бағалаған және оның музыкасында «ғажайып әуендер мұхитын» көрген, ал Ермек Серкебаев сазгерді Қазақстанның «ең опералық композиторы» деп атаған. Сыдық Мұхамеджанов болса, шығармашылықтың ең маңызыдысы – фолькло деп есептеген. Жас композиторларға: «Бастаудан шалғай кетпендер... Арзан табыс пен жұлдыз ауруының арбауына ермендер», - деп талмай ақыл берген.

Сыдық Мұхамеджанов қазақ музыкалық театрының тарихында алғашқы комерциялық опера жазған композитор. Қуандық Шыңғытбаевтің және Қанабек Байсейітовтың либреттосының негізін заманауи қазақ жастарының өмірі, ал ортасында ғашықтар тап бола беретін комедиялық жағдайлар қалады. «Айсұлу» қойылымының алғашқы тұсаукесері 1964 жылы Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында жүзеге асырылды. Сол кезден бері опера көрермендердің қошеметіне бөленді, ал көптеген нөмірлері концерттік болды (мысалы, Серке кавантинасы).

15 ақпанда Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы Сыдық Мұхамеджановтың «Айсұлу» операсын концерттік орындауда ұсынады. Концертке симфониялық оркестр (көркемдік жетекші және дирижер Берік Батырханұлы), камералық хор (көркемдік жетекші – Мәдениет қайраткері, профессор Гүлмира Құттыбадамова), классикалық және эстрадалық вокал орындаушылары – халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Шахризада Тыныштық (Айсұлу), Алтынбек Әбілда (Серке) және т.б. қатысады.

Сыдық Мұхамеджановтың «Айсұлу» операсының концерттік орындалуы «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында тарихи-мәдени мұраны сақтау, дамыту және дәріптеу мақсатында өткізіледі.

"АСТАНА" концерт залы. Кенесары көшесі, 32

Басқа афиши

16.10.2018
Кенесары, 32

12.10.2018
Кенесары, 32