Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы
Сергей Рахманинов пен Ғазиға Жұбанова шығармашылығына арналған Симфониялық оркестрдің концерті Солист ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Нұрлан Исмайлов 16.10.2018 – 19.30. «АСТАНА» КОНЦЕРТ ЗАЛЫ

16.10.2018

 


 

 

           Қазан айының 17-ші жұлдызында, сағат 19.30да  Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының Симфониялық оркестрі Сергей Рахманинов пен Ғазиза Жұбанованың шығармашылығына арналған концерт береді. Кеш қонағы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Нұрлан Исмайлов. Оркестрдің көркемдік жетекшсі – Берік Батырхан. 
          Өтетін орыны: «Астана» концерт залы. Жұбанова - өзінің талантын барлық жанрда танытқан шығармашылық диапазоны кең композитор. Оның музыкасы республикадан тыс жерлерде де жақсы танымал. Ол - үнемі ізденіс үстіндегі суреткер болды. Ғ.Жұбанованың музыкасы арқылы қазақ музыка мәдениеті басқа халықтарға белгілі болды. Ол - “Батырлық поэмасы” симфониялық поэмасын, “Жігер” симфониясын, “Еңлік- Кебек”, “Жиырма сегіз” операсын, “Ақ құс туралы аңыз” балетін, кантаталар, романстар, эстрадалық музыка, театр мен киноға арналған музыкалар жазды. Олардың барлығын музыкалық ойлау жүйесінің біртұтастығы, нақтылықтан жалпыға біртіндеп көшу, вокальды орындаудан аспапты орындауға ауысу, сезімнің көрнектілігі, тақырыптық материалдың ашықтығы, ұлттық бояу, ауқымдылық, эпикалық кеңдік және музыкалық образдардың қарама - қайшылықты мінездері біріктіреді... Симфониялық оркестрдің ұсынатын бұл кеште Ғ. Жұбанованың «Мерекелік увертюрасы» көрерменге тарту етіледі.
          Концерттің келесі бөлімінде Сергей Рахманиновтың шығармалары орындалады. С. Рахманиновтың көлемді шығармасының бірі «Утёс». Бұл туындының эпиграфына М. Лерментовтың өлеңі алынғаны да белгілі. Әйгілі шығарманы симфониялық оркестр бұл кеште тарту етпек. Сонымен қатар, атақты композитордың Оркестр және фортпенияға арналған Концерт
№ 3 ор.30 орындалады.     
         Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының    
 концерті «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында тарихи-мәдени мұраны      

 сақтау, дамыту және дәріптеу мақсатында өткізіледі. 

Кенесары, 32

Басқа афиши

28.11.2018
Кенесары, 32

22.11.2018
Кенесары, 32