Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы
ӘСЕРЛІ ӘН САЛ, ДОМБЫРА 17.10.2019 – 19.00. «АСТАНА» КОНЦЕРТ ЗАЛЫ

17.10.2019

Қазан айының 17-ші жұлдызында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының Халық ән бөлімінің өресі биік  өнерпаздары «Әсерлі ән сал, домбыра» атты әуезді әндермен өрнектелген кеш береді.   
Өтетін орыны: «Астана» концерт залы.
Концерт аясында Ақан Сері, Сегіз Сері, Тәттімбет, К. Әзірбаев, Т. Ізтілеуов т.б халқымыздың ұлы перзенттерінің өміршең туындылары тарту етіледі. Сонымен қатар, Арқа, Сыр, Батыс Қазақстан, Жетісу өңірлерінің жырлары көрерменнің құлақ құрышын қандырып, «Гүлдара-ай», «Ақайша», «Айжан-ай» сияқты мәңгі өлмейтін халық әндері де шырқалады. Және «Шалқыма» халық би ансамблі кештің сәнін кіргізіп, «Сарыарқа» халық музыка ансамблі күйден шашу шашатын болады.         
Концертке ел мақтаныштары Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Рамазан Стамғазиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Гүлзира Бөкейхан, Айгүл Қосанова, Мәдениет қайраткері Секен Сыздық, Мәдениет саласының үздіктері Нұрай Танабаев, Арайлым Рахымқыз, Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаттары Кұнсұлу Тұрлыбекова, Жазгүл Данылбаева, Данияр Мұқан, Айнұр Қонысбаева, Жақсыкелді Маясаров, Нұржан Мейрхан, Алуа Қалымбекова, Айдос Оңғарбай қатысады. Төл өнердің тұнығын әспеттейтін «Әсерлі ән сал, домбыра» концерті жүректерді тебірентіп, жаныңды толқытатыны анық.       
        

Кенесары, 32

Басқа афиши

19.09.2019
Кенесары, 32

17.09.2019
Кенесары, 32