Государственная Академическая Филармония акимата города Астаны
АСТАНАДАН АҚ ТІЛЕК...

27.05.2018

Елорданың 20 жылдығына орайластырылған бірегей жоба Астананың мәдени күндері Маңғыстау облысына жетті.
 27 мамырда сағат 17.00-де Абай Құнанбаев атындағы Мәдениет сарайында «Астанадан ақ тілек» гала-концерті өтеді. Ақтаулықтар Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы ұжымдарының шығармашылығымен танысады. Атап айтқанда, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Айтқали Жайымов жетекшілік ететін Қазақ оркестрі, Эстрадалық би, «Шалқыма» халық биі ансамбльдері,эстрадалық, классикалық және халық вокалы солисттері өз өнерлерін ортаға салады. Сонымен қатар, Клара Төленбаева, «Арт-Домбыра» триосы, Ринат Малцагов, Күләйым Қайырбаева, Айгүл Қосанова, Алмас Кішкенбаев, Тамара Асар сынды қазақ эстрадасының танымал артистері Астанадан жалынды музыкалық сәлем жеткізеді.
Бұл шараларға қатыса алмаған жұртшылық сол күні кешкі сағат 20.30-да жағалауда өтетін «Астанадан ақ тілек» атты Open Air концертте сүйікті орындаушыларының өнерін тамашалай алады. Музыкалық кеш жүргізушілері – Азамат пен Антон. Астананың Ақтаудағы мәдени күндері 28 мамырда сағат 19.00-де Абай Құнанбаев атындағы Мәдениет сарайында «Елордадан елге сәлем!» концертімен аяқталады. Ақтау тұрғындары Қазақ оркестрінің музыканттарының, «Шалқыма» халық биі ансамблінің, эстрадалық, халық және классикалық вокал солисттерінің өнерін тағы да бір тамашалайтын болады.
 

Другие афиши

15.06.2018
Кенесары, 32

12.06.2018