×
Басты бет Афишалар
Тарихы Басшылық Серіктестер Байланысу Бағалар тізімі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері
Ұжымдар Жетекшілер Дирижерлер Әртістер
Жаңалықтар Галерея
×
Іздеу нәтижесі
Басты бет / Жаңалықтар / Елордалық филармонияның «Айбынды ардагерлер» акциясы

Жаңалықтар

Жаңалықтар

Елордалық филармонияның «Айбынды ардагерлер» акциясы

Ел үшін жанын қиған батырлардың даңқты ерліктері мен майдандағы отпен оқтың ортасындағы күрестерін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Осыған орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен батырларға үлкен құрметпен шексіз алғыс ретінде, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының әртістері арнайы автобуспен шығып, «Айбынды ардагерлер» акциясын өткізді. 

Іс-шара аясында филармония әртістері қаламыздың көшелері мен Ұлы Отан соғысының ардагерлері тұратын тұрғын үйлерге барып, әрбір ҰОС ардагері үйінің алдында салтанатты музыкалық құттықтаумен үрлемелі оркестр әскери-патриоттық әндерді орындады. Бұл ардагерлер үшін ғана емес, елорданың барлық тұрғындары үшін ерекше сыйлық болды. 

«Тек қан майданда ғана емес, тылда жұмыс істеп, ашаршылықты, ауыртпашылықты бастан кешіп, таңның атысынан күннің батысына дейін тізе бүкпей жұмыс істеген сол бір қайратты да қайсар жандарға көпшіліктің, анығырақ айтқанда, бүгінгі ұрпақтың ризашылығы шексіз», – деп Елбасыда өзінің құрметін көрсетті. Отан үшін от кешкен майдангерлердің көрсеткен өшпес ерлігін, қаһармандық өнегесін жас ұрпақ бойында қалыптастыру ең басты мақсатқа айналып, ерлікке – мәңгі тағзым жасаумыз қажет.